» » «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАДЫ

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАДЫ



Қоғам дамуы үшін қызмет ететін, ісі көпке үлгілі азаматтар «Жомарт жүрек» конкурсының жеңімпазы атанды. Жаңақорған ауданы әкімдігінде өткен игілікті шарада аудан әкімі Ғалым Әміреев бірқатар жомарт жандарды марапаттады.
Конкурс қорытындысы бойынша бүгінгі күнге дейін үлкен сауапты істердің жаршысы болған жеңімпаздар түрлі номинацияларға ие болды.
«ЕРЕН ЕРІКТІЛІК» номинациясымен - Еркебұлан Ерікұлы. Әлеуметтік маңызы бар жобалардың белсенді ұйымдастырушысы.
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» - «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер ұйымы. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауда қайырымдылық істерімен үлгі.
«ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясы - Марат Мантаев. «Шөгірлі» шаруақожалығын ашқан, қарттар үйін сүт өнімдерімен қамтамасыз еткен, Әбдіғаппар ауылынан 50 орындық балабақша ашқан. 19 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыған.
«ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясы - Гүлжайна Рысбаева. Сүттіқұдық ауылынан жаңа спорттық кешенін салып берген. 16 адамға жұмыс көзін ұсынған.
«ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ» номинациясы - Әбдіхан Шайыхов. Түрлі бағытта демеушілік жасаған. «Ақтас - Айқожа ишан» мешіті тарихи кесенесіне баратын жол құрылысына, «Қорасан әулие» кесенесі маңында қонақ үй құрылысына демеушілік жасаған. 24 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

08 тамыз 2019 ж. 552 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 706

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930