» » ШАКИЗАТХАННЫҢ СЫЙЛЫҒЫ

ШАКИЗАТХАННЫҢ СЫЙЛЫҒЫ

Жалағашта жомарт жігіт көп. «Еңбек Жер» ЖШС төрағасы Шакизатхан Ысқақов сол жандардың қатарында. Ол Бұған дейін өз қаржысынан ауыл орталығына 200 орындық мейрамхана мен шағын маркет салып, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтығанын жазған едік.
Өткен жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында екі ауыл зейнеткеріне «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру орталығына ем алуға жолдама және 17 оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасы мен спорттық киімдерін алып берген де осы серіктестік еді. Ал оқу жылын үздік аяқтаған бастауыш сыныптың 30 оқушысына бір-бір велосипедті сыйға тартқан еді.
Биыл тағы да сол үрдіс, сол жақсы дүние қайталанды. Кешегі апта соңында Еңбек деп аталатын елдегі М.Байділдаев атындағы №232 білім ордасында жылдағы дәстүрмен соңғы қоңырау үнi сыңғырлап, жаңа да жауапты өмiрге аяқ басқан түлектер алтын ұя – мектебiмен қоштасты. Осындай шарадан тыс қалмайтын Шакизатхан Ысқақов ауылдың келешек жастары болашақ ел тірегі саналатын буынға, яғни, мектептің 1-2 сынып үздік оқушыларына 25 велосипед пен 3-4 сыныптың үздік оқушыларына 21 планшет тарту етті. Сонымен қатар 6 оқушыға Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» сауықтыру лагеріне жолдама берілді.
«Туған ауылға болсын» дейтін осындай азаматтардың жомарт­тығын көріп, көңіл шаттанады.

Н.ҚАЗБЕКОВ.

01 маусым 2019 ж. 909 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930