ЕҢБЕКШІЛЕР ШЫҚҚАН ЕҢБЕКТЕН
«Шаңлыкөл», «Бегалының» сағасы мен «Ешім» мешітінің жанын ала қоныстанған, «Аққошқар» мен «Сырбай» арығы, «Медеу ашасы» маңына мал өргізіп, «Мыңсай» деп аталған жер мен «Даңмұрын» аталатын арық жағасын мекендеген ата-баба орнын суытпай отырған бұл ауылдың ізі көне тарихқа апарады. Оған біз тым тереңдемейміз. Бірақ, бүгінде «Еңбек» деп аталатын ауылда тіршілік етіп жатқан 300-ден әрі түтін ауызбіршілік туын мықтап қолға алған. Сөйтсе несібесін жерден терген бұл жұрттың басқадан оқ бойы озық тұруында не себеп бар?!
Бір азамат бір ауылды гүлдендірсе...
Былтыр ауылда 1503 гектар жерге күріш, 850 гектардан аса жоңышқа егілген. Бұның бәрі бір ауылды жаппай жұмыспен қамтып, халық жағдайын жақсартуға ұмтылған «Еңбек Жер» ЖШС еңбегі. Тіпті, былтыр осы серіктестіктің егін жинау қорытындысы бойынша бір жұмысшысына тұрғын үй салып беріп, шаруашылық үздіктеріне қомақты сыйақы мен 3 автокөлік тарту еткенін де естігенбіз. Өз қарамағындағы қызметкеріне айлығының өзін ұзатып барып беретін көп жеке серіктестікті білеміз. Бірақ, Шакизатхан Ысқақов төрағалық ететін осы шаруашылық ауылдағы ағайынның ойынан шығып-ақ тұр. Бір қуанғанымыз, төраға өз қаржысынан ауыл орталығына 200 орындық мейрамхана мен шағын маркет салып, 9 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыған. Өткен тамыз айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында екі ауыл зейнеткеріне «Сарыағаш» емдеу сауықтыру орталығына ем алуға жолдама және 17 оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасы және спорттық киімдерін алып берген де осы серіктестік еді. Ал оқу жылын үздік аяқтаған бастауыш сыныптың 30 оқушысына бір-бір велосипед тарту еткенін кім естіпті бұл төңіректе?!.
– Шыны керек, «Еңбек Жер» ЖШС жеке қаражаты есебінен бұл ауылға көрік беретін бірқатар жұмыстар жүргізді. Атап айтсақ, Төлеген Дәуітбаев, Абай Құнанбаев көшелеріне 250 метр асфальттау, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ауылда бұқаралық спортты дамыту, ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту барысында мереке күндері спорттық жарыстар мен аймақтық турнирлер ұйымдастырамыз. Осы серіктестіктің демеушілігімен кіші футбол алаңына әрлеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдың волейбол құрамасының ойыншыларына 780 мың теңгеге спорттық киім алынды. Ел есінде қалған тағы бір жайт, биылғы жылды қарсы алар алдында «Еңбек Жер» ЖШС-ның директоры Шахизатхан Ысқақов өз отбасымен бірге «Асылзат» мейрамханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңажылдық мерекелік кеш өткізді. Сонда серіктестік төрағасы бастауыш сыныпта оқитын 160 оқушыға жаңажылдық сыйлық жасады, – дейді ауыл әкімі Қайрулла Қалданов.
Туған ауылға болсын дейтін азаматтың бұл ісіне «Бәрекелді!» демеске лажың жоқ.
Ән шырқаған әжелер
Біз баяндағалы отырған «Батыр ана» ансамблі Ленин комсомолы атындағы совхоздың партия ұйымының хатшысы Кеніш Жұмалиеваның ұйымдастыруымен 1986 жылы құрылған. Сол жылы Халықаралық әйелдер күніне арнап концерттік бағдарлама көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленген 22 батыр ана бастаған ұжым бүгінге дейін өнерде құлашын кеңге сермеуде.
Ансамбль шығармашылығының қалыптасуына композитор-музыкант Жұма Данилов, мәдениет қайраткері Төребек Бақтыбаев, облыстық филармония әншісі, мәдениет қайраткері Үміт Медеуова көп үлес қосқан. Тіпті, тынымсыз ізденіс нәтижесінің арқасында Еңбектегі аналар 1988 жылы Алматыда болып, орталық телеарнада өнер көрсеткен. Содан бері өнерлі ұжым аудан мәдениетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосуда. Облыс орталығында өткізіліп тұратын «Жалағаш ауданының өнер күндері», «Алтын күз» мерекелерін осы ансамбльсіз елестету мүмкін емес шығар.
Бір қуанарлығы, ұжым Қызылорда қаласындағы Қарттар үйіне, Балалар үйіне қайырымдылық концерт беріп, сый-сияпат көрсетуді дәстүрге айналдырған. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Батыр ана» ансамблін арнайы қабылдап, автобус сыйға тартуы да ансамбльдің шығармашылық деңгейіне берген жоғары баға десек, артық айтпаймыз.
Бүгінде өнер ұжымы құрамында 17 батыр ана бар. Осы ізгі сабақтастықты жалғастыру мақсатында ансамбль жанынан жас батыр аналар құрамы да құрылып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мен мәдени құндылықты арттыруға үлес қосып жүргенін де айта кету керек. Былтыр ғана облыстық деңгейде өздерінің 30 жылдық мерейтойын тойлаған өнерлі әжелер ел алдында халық әндерін орындаудан басқа қолөнер бұйымдарын жасаумен де тұрақты айналысады.
Жастардың жобасы
Еңбекте «Jas projeсt» жобасы аясында ашылған «Денені сауықтыру» орталығы бар. Былтырғы жылдың тамыз айынан бастап ауыл тұрғындарына массаждық аппаратпен қызмет көрсеткен Медет Рсалиев бастаған жастар жобасына тұрғындар дән риза. Буыны сыздап бастырмай жүрген 3 ауыл тұрғыны осы аппаратпен ем қабылдап, құлан таза жазылмаса да аяқ басып жүріп кеткен. Ауыл әкімдік аппаратының бас маманы, жастар жетекшісі Бексұлтан Тоқсанбаевтың айтуынша, жоба жетекшісі Медет те, мүшелері Назерке Теміржанова, Айбек Нұрпейісов, Ақниет Әлімбаева да жұмыссыз жастар. Ауылдың жас тұрғындары осы кәсіпті әрі қарай дамытып, ауылға үлкен сауықтыру кешенін салсақ деген армандарын да жасырмады.
– Осы орталықтан он күндей массаж алып, өз денсаулығымның жақсарғанын байқадым. Ауылымызда осындай денсаулық орталығы ашылғанына халық ризашылығын білдіріп, ел болып ем алып жатырмыз. Өзімнің бұрыннан тізе мен белім сырқырап, отырып-тұруым қиындаған болатын. Медет пен Назгүлге мың алғыс. Адамдардың денсаулығын ойлап, сауықтыру орталығын ашты. Жас болса да, бас болып халық игілігіне жұмыс істеген осы қарақтарыма көп рахмет, – дейді ауыл тұрғыны Гүлмира Серікбаева.
Арнайы массаж аппараты ауылдағы зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы отбасы мүшелеріне бүгінге дейін тегін көмек көрсеткен. Ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға ықпал етіп жүрген жоба жетекшілері алда жұмыс көлемін ұлғайтып, енді ақылы қызмет жасап, бизнесін кеңейтпекші.
Білімін ұштап, кәсібін көркейткен...
Еңбек ауылында қажеттінің бәрі бар. Мектеп пен мәдениет үйі, емхана мен жеке балабақша, ветеринариялық пункт, почта бөлімшесі, АТС, учаскелік полиция пункті, кітапхана, спорт алаңы мен балалар ойын алаңы да жұмыс жасап тұр. Халыққа арналған Мүсірәлі баба мешіті иманын серік еткен ағайынның осындағы бір орны болып саналады.
Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектепте 300-ге жуық оқушы бар. 14 қоғамдық, пәндік үйірмелермен қатар 7 спорттық секция ашылған. Санамаласақ, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, дойбы, футбол, үйірмелері толық жұмыс істейді. Жақында бапкерлік штат беріліп, 76 бала таэквандомен шұғылдануда. Ауылдағы бар ұл-қыз спортты жанына серік еткен десек қателеспеспіз. Соның ішінде волейбол бойынша оқушылар аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары атанып жүр.
Күріштен өзге кәсіпке бет бұрғандар да көп. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғыны Данбай Алпысов үй ауласынан жылыжай салу үшін бизнес жоспар әзірленіп, нәтижесінде 2 млн теңге көлемінде грант иегері атанып, қазір құрылысты бастап кетіпті. Ал, ауылда мал шаруашылығын дамыту мақсатында 5 жоба, жолаушылар тасымалы бағытында 1 жоба әзірленіп, «Өңірлік инвестиция орталығы» арқылы қаржыландырылыпты.
Осындай жетістігімен қуантқан, замандасымыз, ауыл әкімі Қайрулла Қалданов – осы елдің тумасы. Туған жердің ой-шұқырын жатқа білетін жас жігіт ауылын көркейтуде «әлі де көп қайрат көрсетуім керек» дейді. Жас та болса бас бола білген ауыл әкіміне іштей ризашылықпен, сәттілік тілеп, жолға жиналдық.
Түйін. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде «Еңбек» ауылының қасиетті топырағынан батыр да, би де, ел ағалары мен қоғам қайраткері, ғалым да шыққан. XVIII-XIX ғасырда өмір сүріп, өнегелі өмірмен тарихта із қалдырған Бидас батыр, Манақ батыр, Кенже батыр, Келдібай би, Қоқыбай болыс, Ешім ишан, Кішкенбай билермен қатар 1837-1847 жылдардағы Кенесары, Наурызбайлардың ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан Нысанбай жырау, Даңмұрын ақын, Жарылқасын қожа, беріректегі М.Байділдаевтың саналы ғұмырын жалғастырған қоғам қайраткерлері Қ.Адаев, Т.Дәуітбаев, Қ.Табынбаев, С.Далдабаев сынды ағалар, М.Ағатаев, С.Рахманбердиев, Ә.Ұлыбаев, А.Досымов. Т.Бекниязов, А.Асанова сияқты ғалымдар бүгінгі «Еңбектегі» жас буынның мақтанышына айналды. Сол саналы жастар арасында ел болашағына үлкен үлес қосар, ұлт мақтанышына айналар ұрпақ барына бізде күмәнданбаймыз.
Ержан ҚОЖАСОВ.
Жалағаш ауданы.