» » Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла күміс қоңырау!

Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла күміс қоңырау!

Мамырдың 25-ші жұлдызында еліміздегі барлық мектепте соңғы қоңырау соғылды. Бұл күн білім ұясынан қанат қаққалы тұрған түлектер үшін ерекше.
Мектеп бітірушілердің өміріндегі ең маңызды сәт – «Соңғы қоңырау» салтанаты. Аудан бойынша биыл 287 жас түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам жасамақ. Аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов №123 мектеп-лицейінде өткен соңғы қоңырау жиынына қатысып, жас түлектерге ақ жол тіледі.
– Ауданда болашақтың тірегі – жастардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Білім беру сапасы жылдан-жылға артып келеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен 87,5 балды құрап, ауданымыз былтырғы жылы облыс бойынша аудандар арасында бірінші орынды иеленді. Өткен жылы мектеп бітірген 344 бітірушінің 334-і (97 пайызы) жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсті. Сонымен қатар талапкерлер Ресей мемлекетінің маң­дай алды ЖОО-на білім алуда. Осының барлығы да сіз­­дердің келешекте бәсекеге қабілетті білікті маман болып қалыптасуларыңыз үшін жасалып жатқан шаралар. Алдағы сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңыздың иесі атануларыңызға тілектеспін, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейін биыл 35 оқушы бітірді. Осы оқу жылында мектеп-лицей мұғалімдері облыстық, республикалық кәсіби байқаулардан 23 жүлделі орын алса, оқушылары түрлі деңгейдегі байқаулар, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалардың облыстық, рес­публи­калық кезеңінен 39 жүлделі орын иеленген.
Осы ретте аудандық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілқайыр Ерәлиевті сөзге тартқан едік. Ардагер-ұстаз соңғы қоңырау әр шәкірттің жүрегінде сақталатын айрықша шара екенін атап өтті. Сондай-ақ биыл соңғы қоңырауға аудандағы мектептер жоғары деңгейде дайындалғанын жеткізді. Бұған өзі қатысқан №123, №202 мектептердегі салтанатты шаралар дәлел бола алатынын айтты
Айта кетейік, өңірде биыл 20 мектептен 227 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысады. Олардың 22-і «Алтын белгіге», 20-ы үздік аттестатқа үміткер екен.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.
28 мамыр 2019 ж. 899 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031