» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ



Бүгін мектеп бітірушілердің өміріндегі ең маңызды сәт – «Соңғы қоңырау» салтанаты еліміздің барлық аймағында бір мезетте өткізілуде. Жалағаш ауданында биыл 287 жас түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам жасамақ. Аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов кенттегі №123 мектеп-лицейінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жас түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді.
- Ауданда болашақтың тірегі - жастардың толыққанды білім алуына жан-жақты жағдай жасалған. Білім беру сапасы жылдан – жылға артып келеді.
Ауданның білім беру жүйесін қаржыландыру биылғы жылы 4 млрд. 932 млн. теңгені немесе аудан бюджетінің 44 пайызын құрап отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен 87,5 балды құрап, ауданымыз былтырғы жылы облыс бойынша аудандар арасында бірінші орынды иеленді.
Мектеп бітірген 344 бітірушінің 334-і (97 пайызы) жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарына түсті. Сонымен қатар, талапкерлер Ресей мемлекетінің маңдай алды ЖОО-на облыс әкімінің грантына ие болуда. Осының барлығы да сіздердің келешекте бәсекеге қабілетті білікті маман болып қалыптасуларыңыз үшін жасалып жатқан шаралар, - деген аудан әкімінің орынбасары алдағы сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарының иесі атануларына тілектестегін білдірді.
Ауданда биыл 20 мектептен 227 мектеп бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысады. Олардың 22-і «Алтын белгіге», 20-ы Үздік аттестатқа үміткер. Айта кетейік, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейін биылғы жылы 35 оқушы бітіреді. Биылғы оқу жылында мектеп-лицей мұғалімдері облыстық, республикалық кәсіби байқаулардан 23 жүлделі орындар иеленсе, оқушылары түрлі деңгейдегі байқаулар, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалардың облыстық, республикалық кезеңінен 39 жүлделі орындарды иеленген.
26 мамыр 2019 ж. 924 0