» » Бірлігі бекем – босағасы берік

Бірлігі бекем – босағасы берік


Апта соңында Бұқарбай батыр ауылында бауырлас ұлттар бас қосты. Жиын түрлі этнос өкілдері арасында тәрбие, ізеттілікті, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, ұрпақ жадында жаңғырту, ел арасында қоғамға деген белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараның Бұқарбай батыр ауылында өтуінің де өзіндік себебі бар. Бұл елді мекен 16 ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүрген, достығы жарасқан өлке. Бұл өлкеден небір озат еңбек адамдары шыққан. Осы азаматтардың қатарында түрлі этнос өкілдері бар. Шешен, кәріс, орыс, тағы басқа да ұлт өкілдерінің басын қосқан кездесуде ауылдың құрметті азаматы Мовлади Шарипов тарихтан сыр шертті. «Қазіргідей бейбіт заманда бауырмал қазақ халқымен үйлесім мен татулықта өмір сүріп келе жатырмыз. Сындарлы уақытта небір қиын кезеңдерді бастан өткердік. Осы уақыт ішінде бізбен әрдайым бірге болған, қонақжайлылығы мен бауырмалдығын көрсеткен қазақ халқының көңілі дархан, пейілі кең», – деген ауыл тұрғыны алғысын білдірді. Ал «Ұлтым басқа болса да, жүрегім қазақ» деген кәріс ұлтының азаматшасы Света Ким қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін ерекше құрмет тұтатынын жеткізді.
Шара барысында өнерпаздар әр ұлттың әнін шырқап, биін билеп, өнерлерін ортаға салды. Кеш қонағы «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Мирман ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімнің сақталуына үлес қосып жүрген жандарға сый-сияпатын ұсынды. Мектеп жасындағы бірқатар өзге ұлт балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Айта кету керек, «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл 3 жыл толып отыр. Аталған уақыт ішінде қоғамдық бірлестік аудан көлемінде этнос өкілдерімен түрлі шаралар өткізіп, ауқымды жұмыстар атқарып келуде. Қоғам өмірінде, ауданда атқарылып жатқан барлық бағыттағы шара­ларда этнос өкілдерінің үлесі айтарлықтай зор және арада са­лынған достықтың алтын көпірі берік.

Әсел Бақытжанқызы,
Қызылорда облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар жөніндегі
Жалағаш ауданы бойынша сарапшысы

27 тамыз 2019 ж. 675 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 666

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30