13 градусқа дейін аяз: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Мамандардың болжамынша, Қазақстанның аумағына келген антициклонның әсерінен республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы 8-13° аязға дейін төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.
«Алдағы үш күнде антициклонның әсері біртіндеп әлсірейді, ауа температурасы жоғарылайды және атмосфералық фронттардың өтуімен, республиканың тек қиыр солтүстігі мен батысында жауын-шашын күтіледі», - дейді синоптиктер.
stan.kz