Жасампаз істердің бастамашысы

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысып, жастармен еркін әңгімелесті. Олардың әрбір идеясы мен ұсынысын тыңдады. Орталықтың директоры Ерхан Бақбергенұлы жастар жылында атқарылған шараларға, жастар үшін жұмыс жасайтын арнайы орындардың жұмысына тоқталды. «Жалпы аудан халқының 24 пайызын жастар құрайды. Жастар орталығының тұрақты түрде жүргізіп отыратын жұмыстары бар. Солардың бірі – ауылдағы, кенттегі жастардың басын қосып, олармен түрлі тақырыпта жиындар мен кездесулер өткізу. Біз осылайша біраз жастың беталысын түзеп, оларға бағыт көрсетуге тырысамыз. Бүгінгі күні аудан бойынша тұрақты түрде жұмыс жасайтын спорт бөлімі, «Жайдарман» және еріктілер клубы бар. Саламатты өмір салтын ұстанатын жастар спорт бөліміне барып, үйірмелерге қатысады. Сонымен бірге жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "COWORKING" орталығы ашылды», – деді аудан жастарының көшбасшысы.
Мұнан бөлек вице-министр Жастар жылы аясында жасалған жұмыстарды сараптап, келер Еріктілер жылында жастардың белсенділігі жоғары болу керектігін атап өтті.
«ЖЖ» ақпарат