» » Көмір қанша тұрады?

Көмір қанша тұрады?

Жылу маусымы басталғалы бері көмірге деген сұраныстың артқаны белгілі. Енді көктем шыққанша халықтың отынның бұл түріне деген сұранысы азаймайтыны тағы бар. Жалпы Жалағашта көмірдің тоннасы қанша тұрады? Қорда қыстан шығуға жететін көмір бар ма? Қоғамдық кеңес отырысында осы және басқа да мәселелер талқыланды.
Келелі жиында алдымен "Еңбек" нә­ти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған бағдар­ламасының орындалу барысы қа­­ралды. Бұл жөнінде аудан­дық жұ­мыс­­пен қамту, әлеуметтік бағдар­ла­ма­­­лар және азаматтық хал актілерді тір­кеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова хабарлама жа­сады. Бөлім басшысы биылғы жыл­дың 31 қазанына дейін халықты жұ­мыс­пен қамту орталығына 2020 адам ха­бар­ласқанын мәлімдеді. Соның 1738-і бағ­дарламаға қатысушылар құрамына ен­гізілген. Бағдарламаның екінші ба­ғы­ты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға негізделген. Бұл ретте барлығы 106 адамға 417 млн 138 мың теңге шағын несие беріл­генін айта кеткен жөн.
Жиында әлеуметтік көмек көрсету мен пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орна­ластыру үшін квота белгілеу жайы да көтерілді. Қос мәселе бойынша да аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің басшысы хабарлама жасады. Мұнан соң мінберге аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Қалниязов көтеріліп, “Дипломмен ауылға” бағдарламасының Жалағашта қалай жүзеге асып жатқанын баяндады. Бөлім бас­шысының айтуынша, биыл аудан көлемінде республикалық бюджеттен тұрғын үй несиесі түріндегі әлеуметтік қолдау шарасына 118 маманға 446 924,9 млн теңге қаржы бөлінген. Аудандық ХҚКО арқылы ауыл шаруашылығы бөліміне сәуір айынан бастап 142 маманнан өтініш түсіп, 122 маманға 446 924,9 млн теңге қаржы берілген.
Жиынға қатысып отырған ауыл әкімдері аталған бағдарлама бойынша жас мамандарға қаржы беретін комиссия құрамына өздерінің де болуы қажеттігін айтып, бөлім басшысына осы мәселені жан-жақты қарастырса деген ұсыныстарын жеткізді.
Қоғамдық кеңестегі соңғы мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы әдіскері Бауыржан Төремұратов хабарлама жасады. Ол аудандағы көмір қоймаларында барлығы 300 тонна көмір қалдығы бар. Оның ішінде 30 тонна «Қаражыра» көмірі (1 тоннасы 13000 теңге), 50 тонна «Жалын» көмірі (1 тоннасы 15000 теңге), 220 тонна «Шұбаркөл» көмірі (1 тонна бағасы 16000-17000 теңге аралығында) барын жеткізді.
Мәселе көмір жайына келгенде қоғамдық кеңес мүшелері “аудандағы көмір қоры халыққа жеткілікті ме?” “Оның әр тоннасы қанша тұрады?” деген сауалдарын қойып, көмірдің бағасы халықтың қалтасы көтеріндей болуы қажеттігін назарға салды.

Азиз БАТЫРБЕКОВ

19 қараша 2019 ж. 406 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930