ПХЕНЧХАНДА XIII ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Әлем назарын өзіне аударған Пхёнчхандағы дүбірлі додалар бүгін мәресіне жетті. Жер-жаһанның түкпір-түкпірінен келген 3 мыңға жуық үздік спортшы екі апта бойы өзара бақ сынасып, нағыз мықтылар анықталды.
Өкінішке орай, ел намысын қорғап барған 46 атлетіміз осыдан төрт жыл бұрын өткен Сочи Олимпиадасындағы медальдық есепті жақсарта алмады. Спорттың 9 түрінен жарыс жолына шыққан отандық құрама тек могул сайысынан жүлде олжалады. Аталған сынның фристайл бәсекесінде Шығыс Қазақстан облысының тумасы Юлия Галышева қоржынға жалғыз қола салды. Осылайша, Қазақстан жалпы командалық есепте үздік отыздыққа еніп, 95 мемлекет арасында тек 28-орыннан көрінді. Медальдар жиынтығының саны бойынша алғашқы үштікте Норвегия, Германия және Канада тұр.
Айта кетейік, кезекті XXIV қысқы Олимпиада ойындары 4 жылдан соң Қытай астанасы Бейжінде өтеді.
Айта кетейік, кезекті XXIV қысқы Олимпиада ойындары 4 жылдан соң Қытай астанасы Бейжінде өтеді.