» » МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Кеше Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінің ұйымдастыруымен адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың туылған күніне орай Мәуліт мерекесі аталып өтті.
Бірнеше ғасырлардан бері тойланып келе жатқан бұл мерекенің басты мақсаты — Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру болып табылады.
Діни іс-шарада Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Сырдария Ақмешіт» мешітінің бас имамы Болатбек Әбуов жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Мерекелік шара аясында Алла тағаланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың қарапайымдылығы мен ұлылығын насихаттайтын театрланған көрініс қойылып, қасиетті Құран аяттары оқылды, жастарға арналған уағыздар айтылып, әншілердің орындауында діни әндер шырқалды.
27 қараша 2019 ж. 459 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930