» » АУДАНДЫҚ МЕШІТКЕ ЖАҢА КІЛЕМ ТӨСЕЛДІ

АУДАНДЫҚ МЕШІТКЕ ЖАҢА КІЛЕМ ТӨСЕЛДІ

Жергілікті кәсіпкерлердің, мешіт жамағатының және аудан жастарының демеушілігімен аудандық "Иманқұл" мешітіне жаңа кілем төселді. Мешітке көмек беру – қайырымы көп сауапты істердің бірі деп білетін жомарт жандарға мешіттің бас имамы Айбек Мәдиев алғыс білдіріп, отбасыларына амандық тіледі.
– Алланың берген ризығын Оның жердегі үйіне жұмсаған пендеге мейірімді Алланың өзі та­бысының берекесін береді. Ау­дан­­дық “Иманқұл” мешіті залына төселген көне кілемді жаңартуға атсалысқан баршаңызға алғыс айта отырып, Алланың разы­лығы үшін жасалған игілікті істеріңізге, адал кәсіптеріңізге та­быс тілеймін. Сіздердің осындай игі бастамаларыңыздан ертеңгі буын тәлім алары сөзсіз. Іскер азаматтар мен жамағат тарапынан жасалып жатқан мұндай қолдауды біз жоғары бағалаймыз, – деді А.Мәдиев.
Айта кетейік, желтоқсанның басында мешіт қызметкерлерінің бастамасымен тозығы жеткен кілемді ауыстыру жөніңде ұсыныс­тар айтылған еді. Бұл бастаманы құптаған қайырымды жандар игі іске атсалысып, аз уақыттың ішінде қажетті қаражатты жинастырып, арнайы тапсырыспен сапалы кі­лем­ алдырып, жамағат залын жаңартты.

Н.АЛПЫСБАЙ

19 желтоқсан 2019 ж. 626 0