ӘКІМ ЕСЕП БЕРДІ. ЕЛ НЕ ДЕДІ?
Сәрсенбіде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Жаңаталап, Аққыр, Мақпалкөл ауылдарына атбасын бұрды. Онда доңыз жылында атқарылған қыруар шаруаның басын қайырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде халық алдында есеп берді.
Сәрсенбінің сәтінде біз де аудан әкіміне ілесіп жолға шықтық. Үш ауылды артқа тастап, Жаңаталап ауылында атқарылған жұмыстарды көпшілікпен бірге тыңдадық. Биыл әкімдердің халыққа есеп беру жиналысы бұрынғыдан өзгеше өтті. Яғни аудан басшысы мен ауыл әкімі жылдағыдай төрдегі орынға жайғасқан жоқ. Халықпен бірге отырып, кезек-кезек мінберге көтеріліп, жыл бойы атқарған жұмыстарын баяндады.
Осыған қарап халыққа есеп беру кездесулері халық пен биік арасын одан әрі жақындастыра түскендей сезілді. Оның айқын көрінісін бүгінгідей есепті жиындардан аңғаруға болады. Дана халқымыз "Әкім болсаң, халқыңа жақын бол" демей ме?! Міне, биыл да аудан әкімі ауыл-ауылды аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, атқарған жұмысты ел таразысына салды.
Жаңаталапта өткен жиында алдымен ауылдық полиция инспекторы Нұрболат Аймұратов жыл бойы орын алған құқықбұзушылықтар жөнінде хабарлап, қылмыстың ашылу көрсеткішіне тоқталды. Бір өкініштісі, тышқан жылының басталғанына көп уақыт өтпесе де, бұзақы қылмыс жасап үлгеріпті. Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары бөтеннің малын қолды қылған қарақшыны іздестіруде. Инспектордың баяндамасынан соң ауыл әкімі Қуаныш Әбдіқалықовтың 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Барлық саланы жіпке тізген баяндамашының елмен бірге еңсерген жұмыстарды бейне экран арқылы көрсетіп отырды.
Ауылдың тыныс-тіршілігі тыңдалып, көпшілікпен бірге талқыланып біткен соң аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өңірдегі ілкімді істерді баяндап, биыл МӘМС жүйесі қолданысқа енгенін де атап өтті. Айталық, өткен жыл ел үшін де, аудан үшін де саяси оқиғаларға толы болғаны баршамызға мәлім. Олай дейтініміз былтыр Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатты. Мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды.
Аудан әкімінің баяндамасында айтылғандай, өткен жылы Жалағашқа тартылған инвестициялық жобалар көп. Бұл жобалардың жалпы құны 45 млрд-тай қаржыны құрады. Былтыр аудан әкімдігінің, аудандық аурухананың, М.Шәменов ауылына мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Бұдан бөлек 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында да қыруар шаруа атқарылды. Күрделі жөндеуден өткен нысандардың қатарында аудандық орталық кітапхана бар. Сондай-ақ, №201 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескі ғимарат жаңа кейіпке енді. Бүгінгі таңда оқушылар жаңа талапқа сай, күрделі жөндеуден өткен мектепте білім алуда. Сонымен бірге кентте қуаттылығы 30 МВт өндіретін «Күн электростанциясының» құрылысы қарқын алды. Айта кету керек, бұдан бөлек Жалағаш кентіне газ жеткізу құбырларының және кварталішілік желілерінің жұмысы, елді мекендердің электр желілері мен құрылғыларын күрделі жөндеу, жеке қаражат есебінен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, орталық монша, қонақ үй кешені, Еңбек ауылын абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Екі қабаттан тұратын орталық жаңа мешіттің құрылысы аяқталды. Осылай деген аудан әкімі жиын соңында ауыл халқының ұсыныс-пікірін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Өзінің талап-тілегін жеткізген жаңаталаптық Гүлсара Нұрғалиева: «Ауданға барып, емханаға анализдік қан тапсыру жағы қиын. Жолдама берген ауылдық емхана болғанымен, баламның мекенжай анықтамасы басқа ауылда тіркелген болып шықты. Осы мәселемен әрі-бері жүреміз деп көп уақыт жоғалттық. Түсінбегенім, біз бұрыннан осы ауылда тұрсақ та, мекенжай бойынша тіркеу анықтамасы неге басқа ауылдан шықты? Сосын МӘМС-ке қатысты бірде-бір қызметкер есігімді қағып, жүйенің жай-жапсарын түсіндірген жоқ. Бұл қалай?» деп сауал жолдады. Тұрғындардың талап-тілегін тындаған аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына мәселені дер кезінде шешуді тапсырды. Сондай-ақ МӘМС туралы тұрғындарға түсіндіруді дұрыс жүргізбеген ауыл әкімінің және ауылдық медпункт қызметкерінің жұмысын сынға алды.
Ауданнан барған делегация одан әрі Аққырға аялдады. Ауыл көшесінде жайқалған биік-биік ағаштар, сәулеті келіскен “Тағзым” алаңы мен саябақтар және бір сызықтың бойында орналасқан тұрғын үйлер алыстан көзге түседі. Екі жүзге жуық түтіні бар ауылдың сұлу келбеті жайында сөз қозғала қалса мұндағы жұрт Камал Бердәулетовтің еңбегін мақтанышпен атайды. Себебі, бұрын совхозға директор болған іскер басшы К.Бердәулетов ең алдымен тұралап қалған жұмыстарға жан бітіріп, су мәселесіне баса көңіл бөліпті. Көше жиектерінде арықтар қаздырып, аяқсу жүргізді. Ағаш егіліп, үш жыл қатарынан құрылысшы отрядтары тұрғын үйлер салды. Осындай елге белгілі азаматтар тер төккен, тау тұлғалы азаматтар түлеп ұшқан ауылдың бүгінгі ахуалы қалай? Есепті жиынында осындай сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Әуелі көпшілік алдында қоғамдық тәртіптің жай-күйін баяндаған учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ғазиз Айтбайұлы өткен жылы орын алған қылмыстардың ашылу көрсеткішіне және құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысты жүргізілген шаралардың жай-жапсарын хабарлады. Аудан әкімі ауыл инспекторына құқықбұзушылықтың алын алу, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды одан әрі ширатуды және қылмысқа жол бермеуді қадап тапсырды. Одан кейін ауыл әкімі Жаңабек Матаевтың доңыз жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Бірлігі бекем аққырлықтар былтыр мал басын көбейту және ірі қараны асылдандыру бағытында бірқатар жұмысты қолға алыпты. Ауыл экономикасы мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан бірінші кезекте мал басын арттыруға басымдық берілген. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауылдағы «Сайлау», «ЕрСулБиБек» және «Даулетов» шаруа қожалықтары жұмыс жасаса, асыл тұқымды «Еділбай» қой шаруашылығымен «Туған жер» шаруа қожалығы айналысады. Өткен жылы «Даулетов» шаруа қожалығы «Ауыл» Несие Серіктестігі» арқылы 13 млн теңге көлемінде несие алып, өз кәсібін бастаған. Жалпы ауылдық округ бойынша мүйізді ірі қара – 1543, қой-ешкі – 4671, жылқы – 596, құс – 583, 92 бас түйе малы мен 600-ге жуық құс бар. Былтыр ауыл тұрғыны Н.Болтаев 2 гектар жерге 2025 түп «редчиф» сортты алма көшеттерін отырғызыпты. Ал биыл ол 4 гектар жерге 5000 түп алма көшетін егуді көздеп отыр.
Ауыл тұрғындарына дәрігерлік емхана мен 10 төсектік күндізгі стационарлық бөлім қызмет көрсетеді. Бұл медициналық орталық «Жедел жәрдем» көлігімен де қамтамасыз етілген. Ауыз су жүйесін қайта жаңғырту, электр желілерін жүргізу, ауыл іші жолдарын жөндеу жұмыстары да көңіл қуантарлық деңгейде. Сонымен қатар «Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолы бойындағы апатты жағдайда тұрған «Оңтүстік коллектор» көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына да тиісті қаржы қаралған. Міне, ауыл әкімі осындай жаңалықтарды назарға салды.
Ауыл әкімінің есебінен соң өңір басшысы аққырлықтарды аудан бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Жалпы, былтыр өңірдің қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын ауыз толтырып, зор мақтанышпен айтуға болады. Экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстардың нәтижесінде, экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері жоғарылады. Барлық саланы қамтыған аудан әкімі былтыр біршама тас жолдар жөнделіп, бірнеше көшеге асфальт төселгенін де айтып өтті. Сонымен бірге «Алтын дән – 2019» мерекесі аясында Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойы кең көлемде өткізілді. Мерейтой аясында Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің бюсті орнатылды. Өткен жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша Жалағаш ауданы облыста алдыңғы қатардан көрініп, «Үздік аудан» номинациясымен марапатталды. Спорт саласы бойынша да аудан мерейі асқақтап, үздіктер қатарына жайғасты.
Аудан әкімінің есебін зер салып тыңдаған тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарды да бүгіп қалмады. Бірі ауылдағы ескі аурухана ғимаратын іске қосу керектігін жеткізсе, ал енді бірі отын мәселесін алға тартты. Айтылған ұсыныстарға қатысты тиісті мекеме басшылары жауап беріп аудан басшысы аққырлықтардың отынға қатысты мәселесін сол заматта шешіп берді.
Жиын соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шорабек Қалдыбеков жыл бойы атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, ақ тілегін жаудырды.
Сол күні түс ауа республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтей қазақтың нар тұлғасы туып-өскен киелі Мақпалкөлге жеттік. Жиналысқа келген тұрғындардың қарасы қалың. Жиналыс регламентіне сәйкес полиция инспекторы мінберге көтеріліп, қылмыс санын, оның ашылу көрсеткішін тізіп шықты. Келесі кезекте ауыл әкімі Бауыржан Тұңғышбаев сөз алып, мардымды істерге тоқталып, өміршең жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанынан хабардар етті.
Мұнан соң ауыл жұрты аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды тыңдады. Негізгі баяндаманы жасаған аудан басшысы өткен жылғы жұмыстарды мәлімдеп, алдағы айқындалған міндеттермен бөлісті. Содан соң ауыл халқының мұң-мұқтажына құлақ түріп, ұсыныс-пікірін тыңдады.
– Мақпалкөлдегі балабақша 1985 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрген жоқ. Екіншіден айтарым, ауылдағы екі көшеге тас төселсе екен, – деді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаржау Мұстафин. Сонымен бірге 82 жастағы Өміртай ақсақал немересіне жұмыс сұрап, өз өтініш-тілегін білдірді. Аудан әкімі айтылған ұсыныстың барлығы бақылауда болатынын жеткізіп, жауапты басшыларға тиісті тапсырма жүктеді.
Айтылған есепке, атқарылған жұмысқа көңілі толған тұрғындар өткен жылғы толағай табыстар мен еселі еңбекке жоғары бағасын беріп, ақ тілегін жаудырды.