» » ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП ЕЛЕУЛІ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП ЕЛЕУЛІ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ



Аптаның екінші күні аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдарына атбасын бұрды. Онда өткен жылы атқарылған қыруар шаруаның басын қайырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде халық алдында есеп берді.

Таң азанымен жолға шығып, Ақ­қырға қарай бет алдық. Күн тү­неріп тұр, арасында жапалақтап қар жауғандай болды. Төрт ауылды арт­қа тастаған соң, жолдың етегіндегі бойшаң әрі қалың сексеуілдер көзге көрінді. Негiзiнен сексеуіл өсімдігінің қоршаған ортаға пайдасы орасан зор екенін ауылдықтар жақсы біледі. Жол-жөнекей таңғы мезгілдегі табиғаттың сұлу бейнесін, аспан әлемінде тізбектеле ұшқан құстардың тамаша көрінісін сүйсіне қарап, діттеген жеріміз Аққырға да жеттік. Ауыл көшесінде жайқалған биік-биік ағаштар, сәулеті келіскен тағзым алаңы мен саябақтар және бір сызықтың бойында орналасқан тұрғын үйлер алыс­тан көзге түседі. Екі жүзге жуық түтіні бар ауылдың сұлу келбеті жайында сөз қозғала қалса мұндағы жұрт Камал Бердәулетовтің еңбегін мақтанышпен атайды. Себебі, осы ауылдың негізін қалаушылардың бірі болған іскер басшы К.Бердәулетов ең алдымен тұралап қалған жұмыстарға жан бітіріп, су мәселесіне баса көңіл бөліпті. Көше жиектерінде арықтар қаздырып, аяқсу жүргізді. Ағаш егіліп, үш жыл қатарынан құрылысшы отрядтары тұрғын үйлер салды. Сол жылдары ауылда қой 40 мыңға, жылқы 2,5 мыңға жетсе, түйе малы бұрын-соңды болмаған көрсеткіштен асқан. Айтпақшы, сол жылдары ауылда мектеп, клуб бой көтеріп, жеміс-жидегі мол бақ пайда болған. Сөйтіп, Аққырдың жақсы аты дүркіреп шықты. Басқалар осы ауылдан үлгі алып, Аққырға қарап бой түзепті. Иә, бұл өткен ғасырда жасалған ауылдағы елеулі еңбектің жарқын көрінісі. Жоғарыда айтылғандай табиғаты көркем ауылдың бүгінгі сұлу келбеті осындай іскер азаматтардың еселі еңбегінің жемісі десек те артық айтқандық емес.
Елге белгілі тау тұлғалы азаматтар түлеп ұшқан ауылдың бүгінгі ахуалы қалай? Кеше өткен аудан, ауыл әкімдерінің халық алдында өткізген есепті жиынында осындай сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Әдеттегідей бұл жолғы жиынға ауыл тұрғындары, көреген қариялар мен бөлім, мекеме басшылары түгел қатысты.
Әуелі көпшілік алдында қоғамдық тәртіптің жай-күйін баяндаған учаскелік полиция инс­пекторы Ғазиз Айтбайұлы өткен жылы 9 қылмыс орын алғанын, оның 3-і ашылмағанын айтты. Аудан әкімі бұл қылмыстарды 100 пайыз ашуды, ұрлық-қарлықтың алдын алуды және ауылда қылмысты болдырмау­­ды тапсырды.
Келесі ауыл әкімі Ж.Матаевтың 2018 жылы атқарылған жұмыс­та­рының есебі тыңдалды. Ол ауылдың әлеу­меттік жағдайынан бас­тап, барлық сала бойынша атқарылған жұмыс­тарды, ел болып еңсерген игілікті істерді хабарлады. Бүгінгі таңда Аққырда 1084 жан есепте тұрса, оның 544-і экономикалық белсенді халық.
Ауыл алтын құрсақты аналардан да кенде емес. Мұнда 27 алтын алқа, 10 күміс алқа иегері бар. Өткен жылы жұмыссыз ретінде 33 адам тіркеліпті. Қазіргі таңда есепке алынған адамдардың 10-ы тұрақты жұмысқа орналасып, 20-сы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Қалған 3-і кәсіптік оқуға жіберілді. Өз баяндамасын осындай көрсеткіштермен бастаған ауыл әкімі аққырлықтар кәсіпкерлікке ден қойғанын зор мақтанышпен айтты.
– «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 4 жоба және «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 2 жоба қаржыландырылды. Қазіргі уақытта 6 ауыл тұрғыны барлығы 14,3 млн теңге көлемінде қаржы алып, өз кәсіптерін жасауда. Сонымен бірге, осы бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа 6 жоба ұсынылып, 2 жоба және «Zhas Project» жастарға арналған бірегей бағдарламасы аясында 2 жоба ұсынылып, 1 жоба қайтарымсыз гарант иегері атанды.
Аталған бағдарлама аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға ауылдық округ бойынша 3 адам тартылды. Ауылдық округте барлығы 54 кәсіпкер аудандық кірістер басқармасына тіркеліп, жұмыс жасайды. Олардың 24-і дара кәсіпкер, 30-ы шаруа қожалықтары, – деді ауыл әкімі Ж.Матаев.
Аққырдан тағы бір жаңалық. Ауыл тұрғыны Н.Болтаев ауыл іргесінен 6 гектар жер алып, алма бағын жайқалтуды қолға алыпты. Негізі ауылдағы ағайындар ата кәсіпті өркендетіп қана қоймай, бақша дақылын өсіруге де бет бұра бастады. Жасыратыны жоқ, былтыр Аққырда аяқ су тапшылығы сезілді. Ал, биыл осындай олқылықтың орнын толтыру бағытында Қышбөгеттегі су тоспасын жөндеу жұмыстарының жобасы дайындалды. Енді, Жаңадария өзеніндегі суды Аққыр арнасына бұрып, ауылға аяқ су жеткізілмек. Мұны есепті кездесу жиынына қатысқан Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Ә.Қарлыханов мәлімдеді.
Ауыл әкімінің есебі тындалып біткен соң, аудан басшысы аққырлықтарды аудан бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Жалпы, былтыр өңірдің қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын ауыз толтырып, зор мақтанышпен айтуға болады. Экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстардың нәтиже­сінде, экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері жоғарылады. Барлық саланы қамтыған аудан әкімі былтыр біршама тас жолдар жөнделіп, бірнеше көшеге асфалт тө­сел­генін де айтып өтті.
– Аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолының қазіргі таңда 22,4 шақырымы немесе 20 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда болып отыр. Осыған орай, 2018 жылы аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының бірнеше шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 90,1 млн теңге бөлініп, 4 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы жобаны толық аяқтау үшін 91 млн теңгеге сұраныс беріліп, облыстық бюджеттен қаржыландыру жоспарлануда. Сонымен қатар, апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Жалағаш кентіндегі 14 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Абай, Сәрке батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Өткен жылы облыстық бюджеттен 3 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 200 млн теңге бөлініп, жоспарлы жұмыстары атқарылды. Биылғы жылы осы көшелердегі жөндеу жұмыстарын толық аяқтауға облыстық бюджеттен 533 млн теңге қаржы бөлінеді, – деді өңір басшысы.
Басқосуда ел халқы өздерін толғандырған ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

***

Сол күні республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темібек Жүргеновтей қазақтың нар тұлғасы туып-өскен киелі Жаңаталап ауылына да барып, нәтижелі жұмыстардың жарқын көрінісін көзбен көріп қайттық. Кезінде төрт түлігі қорасы сыймай, ата кәсіпті жандандырған өңірдегі ағайындар қазір егін егіп, кәсіпкерлікті өркендетуді қолға алған. Бұл ауылда 137 отбасы бар. Негізгі тіршілік көзі ауыл шаруашылық саласы. Өткен жылы шаруа қожалықтар 485 гектарға күріш егіп, әр гектарынан 54,2 центнерден өнім алды. Сондай-ақ, «Каримов К» фермер қожалығы 5 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдарын күтіп-баптап, есесіне гектарынан 115 центнерден өнім жинады. Мұнан басқа ауылдағы 6 шаруа қожалық иесі ескі және жаңа жоңышқа дақылын егіп, көккен мандай тер еңбекті ақтады.
“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы шеңберінде “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ арқылы 2 жоба ұсынған ауыл тұрғындарына 9 млн теңге пайыздық үстемесі жеңілдетілген несие беріліпті. Ал, “Өңірлік инвистициялық орталықтан” (РИЦ) арқылы 3 жоба 7 млн теңге несиемен қаржыландырылса, “Ауыл Несие Серіктестігі” ЖШС арқылы «Егін шаруашылығы» бағытында 1 жоба 5 млн теңге несие алды. Сонымен бірге, өткен жылы “Сырдария – 1 Несие серіктестігі” ЖШС арқылы 1 жобаға 10 млн теңге несиемен қаржыландыруға қолдау тапса, бағдарламасы аясында қайтарымсыз грантқа ауылдық округ бойынша 3 жоба ұсынылып, барлығы 720000 теңге қайтарымсыз грант жеңімпазы атанып, жобаларына сәйкес жұмыстарын жүргізіп отыр. Өткен жылы өңірде алғашы рет жүзеге асқан “Zhas projekt” жобасына ауыл жастары 4 жоба ұсынып, оның 1-і қолдау тауыпты. Қазір осы жоба аясында 1 млн теңге көлемінде грант жеңімпазы атанған жас кәсіпкер ағаш жиһазы цехын ашып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Мұнан бөлек ауылда атқарылған шаруаны ауыл әкімі тұрғындар алдында егжей-тегжей баяндап, елмен бірге еңсерген жұмыстарды бейне экран арқылы көрсетіп отырды.
– “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы арқылы 2018 жылы 1 млн теңге қаржы қаралып, ауыл паспортын жаңалау, ауыл орталы­ғынан гүлзар ашу және ауылдық клубтың ауласын қоршау жұмыстары жүргізіліп, көше бойындағы тал егілген қоршаулар жаңартылды. Аудандық бюджеттен 2,792 мың теңге қаржы қаралып, ауылдық округ әкімі аппаратының бітпей тұрған жаңа ғимаратына «Парасат – 2016» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі жеңімпаз атанып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта толықтай пайдалануға берілді. Ауылдық округ бойынша ауыз су жүйесі тұрғын үйлерге кіргізілген. Ауыз су төлемі су есептегіш құралы арқылы төленеді. Тұрғындарға 24 сағат ауыз су беріліп келеді, – деді ауыл әкімі Куаныш Әбдіқалықов.
Мұнан соң аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев былтырғы жылы ауданда атқарылған жұмыстарды баяндап, алда тұрған міндеттерді айқындады. Ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке шақырып, іскер азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көр­се­тіле­тінін жеткізді.
Айта кетейік, өткен жылы облыс әкімі өңірлерде 3 жыл қатарынан кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жариялаған болатын. Бұл біраз азаматтардың арманын іске асыруға, кәсіпкерлікті өркендетуге дем беріп отыр. Мұның шарапатын көрген ауыл­дықтар өз кәсібін ашып, тұрғындарға қызмет көрсете бас­тады.
– Осыдан бірнеше жыл бұрын банктер ауылдағы тұрғын үй­лер­ді кепілге алмайтын. Қазір олай емес. Кент, ауылдағы тұрғын үйлерді кепілге қойып, пайыздық үстемесі жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік берілген. Тіпті, ауыр техникаларында бағалатып, сол арқылы несие алып жатқандар бар. Одан басқа жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекеттен грант бөлініп отыр. Оған да жоба ұсынуға болады. Бұл дегеніміз кәсіппен айналысуға мол мүмкіндік бар екенің көрсетіп отыр. Өздеріңізге белгілі қазір еліміздегі мал етіне сұраныс артып келеді. Жыл сайын шет аймақтарға мыңдаған тонна ет экспортталуда. Бұл әсіресе – ауылдағы ағайындарға тиімді. Өйткені, етке сұраныс артқан сайын, малдың құны да жоғарылайды. Демек, атакәсіпті қолға алып, қорасына мал ұстаған ағайындар ешқашан ұтылмайтыны белгілі. Негізі кәсіптің түрі көп. Әркім өз қабілетіне сәйкес кәсіпкерлікпен айналысуға болады. Ең бастысы мемлекет тарапынан қолдау бар, мүмкіндік қарастырылған, – деді өңір басшысы.
Жиын соңында ауыл тұрғындары атынан ардагер Ағатай Ақарыстанов жыл бойы атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, ақ тілегін жаудырды.

***

Түс ауа Мақпалкөлге жеттік. Жиыналысқа келген тұрғын­дардың қарасы қалың. Барлығы әкім есебін тыңдап, атқарылған жұмысқа өз бағасын беруге асық. Әдеттегідей алдымен полиция инспекторы мінберге көтеріліп, қылмыс санын, оның ашылу көрсеткішін тізіп шықты. Әрине қылмыс ашылмаса құзырлы орган өкіліне сын. Бірақ, бұл ауылда орын алған қылмыс саны аса көп емес екен. Яғни, жыл көлемінде 4 қылмыс тіркелсе, оның 3-і ашылған.
Келесі кезекте ауыл әкімі Бауыржан Тұңғышбаев сөз алып, Мақпалкөлдегі мардымды істерге жеке-жеке тоқталды. Оның сөзінше, 2018 жылы ауылдық округте 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 10 шаруа қожалық арқылы 2509 гектар жерге күріш, 333 гектар ескі жоңышқа, 274 гектар жаңа жоңышқа егіліп жиналды. Ауылда шағын кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде өнім өндіру, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында ауылдық округ бойынша 45 кәсіпкер жұмыс жасайды екен. Оның ішінде 11 шаруа қожалығы, 21 мал шаруашылығы, 8 сауда қызметі және жолаушы тасымалы, шаштараз, күріш ақтау диірмені, қоғамдық монша қазіргі таңда жергілікті халыққа қызмет көрсетіп келеді.
– Былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­дар­ламасы» бойынша 9 жоба дайындалып, «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы арқылы 6 адам несие алды. Олар­дың 3-еуі мал басын көбейтуге 6 950 000 теңгеге қол жеткізсе, 1-і қоғамдық монша ашуға 3 000 000 теңге, 1 адам жылыжай ашуға 900 000 теңге, 1 адамға ХТЗ техникасын алуға 3 500 000 теңге несие берілді. Ал, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 3 азаматқа жылқы және мүйізді ірі қара малын көбейтуге 8 700 000 теңге қаржыға қол жеткізсе, балапан шығару кәсібімен айналысқысы келетін 1 адам 675000 теңге мемлекеттік грант жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, «Ауыл несие» серіктестігі арқылы «Акмар» ШҚ егін егуге 19 000 000 теңге, «Саргасқа» ФҚ мал басын көбейтуге 19 500 000 теңге несие алды. «Құрманбай Ата» ШҚ өз қаражаты есебінен жоба құны 20 млн теңгені құрайтын 5 гектар жерге алма бағын отырғызып, күтімге алды. Аталған алма баққа 5 адам жұмысқа тартылған, – деді ауыл әкімі.
Негізі бұл ауылда өміршең жобалар кезең-кезеңімен сәтті жүзеге асып келеді. Бір кездері алмасымен аймаққа әйгілі болған Мақпалкөл ауылдық округі қайтадан алмалы өңір атанатын күні алыс емес.
Өткен жылы жергілікті өнім көлемін арттыруды көздеген «Құрманбай ата» шаруа қожалығы жылыжай мен алма бақ шаруашылығын қолға алды.
Ауыл іргесіндегі 5 гектар жерге алма ағашын отырғызып, күтімге алды. Бұйырса, бұл алма бақ жылына 130-150 тонна жеміс береді деп күтілуде.
Келелі жиында мақпалкөлдіктер аудан көлемінде іске асқан жобалардан да хабардар болды. Негізгі баяндаманы жасаған аудан әкімі өткен жылғы жұмыстарды мәлімдеп, алдағы айқындалған міндеттермен бөлісті. Содан соң өңір басшысы ауыл халқының мұң-мұқтажына құлақ түріп, ұсыныс-пікірін тыңдады. Мәселен ауылда 10-нан аса көл бар екен. Бірақ, оларға су жеткізу жайы көңіл көншітпейтін сыңайлы. Ауыл тұрғыны Өміртай Кемелов осы мәселені және шабындық-жайылымдық жердің жайын сөз етті. Көлдің суына қатысты жауап берген Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Ә.Қарлыханов егер көлге су жіберуге қатысты сұраныс түссе сағаны ашуға дайын екенін мәлімдеді. Айта кетейік, мұндағы көлдердің біразының иесі жоқ болып шықты. Тұрғындардан түскен сауалдарды назарға алған аудан әкімі көл суына қатысты мәселені дереу ретке келдіруді тиісті бөлім басшыларына жүктеді.
Айтылған есепке, атқарылған жұмысқа көңілі толған тұрғындар өткен жылғы толағай табыстар мен есілі еңбектерге жоғары бағасын беріп, таразының басын ит жылындағы игілікті істерге бұрды. Мардымды жұмысқа, нәтижелі еңбекке көңілі шаттанған ауыл халқы келелі жиыннан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Негізі Елбасының “Орталық атқарушы орган басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы” Жарлығы халық пен биік арасын одан әрі жақындастыра түскендей. Оның айқын көрінісін осындай есепті жиындардан аңғаруға болады. Дана халқымыз "Әкім болсаң, халқыңа жақын бол" демей ме?! Міне, биыл да аудан әкімі ауыл-ауылды аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, атқарған жұмысты ел таразысына салды. Ең бастысы, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің сол заматта шешімін табуы көпшіліктің көңілін марқайтып тас­тады.
...Біз кері қайттық. Күн имене ұясына сүңгіп барады. Бізді қайдам, есеп берген әкімдер «уһ» деп бір демін алған шығар. Халық алдына шығудың қандай болатынын жылына бір рет көріп-біліп, кем-кетігін, іскерлігін безбендеп алды.

Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).
19 қаңтар 2019 ж. 565 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 10:47
Sildenafil Citrate 100mg Pills Viagra Entregado Rapido viagra Viagra 100 Mg

Гость Jeaplause от 7 наурыз 2019 21:18
Cephalexin For Prostate Infection Dog Acquistare Kamagra Germania cheap cialis online Does Cephalexin Make Dogs Tired Comprare Cialis Con Contrassegno Usa No Subscription Pharmacy

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930