» » Қызылордада мектеп асханаларын тексеруде бірқатар кемшілік анықталды

Қызылордада мектеп асханаларын тексеруде бірқатар кемшілік анықталды

Қызылордада мектеп асханаларын тексеруде бірқатар кемшілік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бақылауында 296 мектеп бар. Жаңа 2019-2020 оқу жылында тұрмысы төмен отбасынан шыққан 26 880 оқушы жалпы міндетті оқу қоры есебінен толықтай тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектептерде берілетін ас мәзірі, тағамның құнарлығы мен порциясы, тамақтану рационы баланың физиологиялық және жас ерекшелігі нормасын ескере отырып әзірленеді. Мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі санитарлық қағидаларда белгіленген. Облыс мектептерінде осы санитарық қағидалардың сақталуы, оқушыларды мектепте тамақтандыру мәселесі аталмыш департаменттің бақылауында.
Ведомствоның хабарлауынша, 2019 жылы жеке кәсіпкерлерге жалға берілген 278 мектеп асханасының 239-на ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді. Тексеруде кәсіпкердің санитарлық қағида талаптарын бұзғаны анықталды.
Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы, асханаларда су, кәріз, жасанды желдеткіш жүйелерінің істен шығуы, тағам өнімінің қауіпсіздігін растайтын құжатың болмауы анықталды.
«Тексеру барысында бактериологиялық зертханаға алынған 4 613 шайындының 450 сынамасынан (10%) ішек таяқшасы тобының бактериялары табылған. Сонымен қатар, 559 тағам үлгісінің 63-нен және 463 ауыз су үлгісінің 59-нан микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталған. Ас құнарлығын анықтау үшін санитарлық-химиялық зертханаға 674 тағам үлгісі алынып, оның 104-і белгіленген санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес болмай шықты. Залалсыздандыру ерітінділері бойынша 540 сынаманың 109-нда сапалы дезинфекция жасау үшін ерітінді концентрациясының қалыпты нормадан ауытқушылығы анықталған», – деді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Алмаш Шуақбаева.
12 ақпан 2020 ж. 470 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930