» » АУДАН ӘКІМІ КӘСІПОРЫНДАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ КӘСІПОРЫНДАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында және облыс әкімдігінің бастамасымен қабылданған кәсіпкерлікті қолдаудың 3 жылдығы аясында ауданда көптеген жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінже Жалағашта соңғы жылдары аталған саланың даму көрсеткіші қарқын алды. Бір жағынан бұл бағыттағы жұмыстардың бір ізге түсіп, іскер азаматтардың жеке табысының артуына да мемлекеттік бағдарламалардың көмегі сеп болып отыр. Жергілікті билік те кәсіпкерлердің өз ісін дамытуға ешқандай кедергі болмау үшін жиі кездесулер ұйымдастырады. Сондай-ақ аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өңірдегі кәсіпорындарды аралап жұмысымен танысуды да дәстүрге айналдырған.

Өткен аптада Қайратбек Әубәкірұлы тиісті бөлім, мекеме басшыларымен бірге былтыр Жалағаш кентінде пайдалануға берілген бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады. Олардың қатарында іскер азаматша С.Айнабаеваның "Aigerim" сауда дүкені, С.Халықтың "Бибігүл ана" құрылыс заттар дүкені, А.Қалыбекованың "Nartai" сауда үйі, сонадй-ақ Б.Мырзағалиевтың қосалқы бөлшектер дүкені мен техникалық қызмет көрсету орталығы бар.
Аудан басшысы кәсіпкерлік нысандардағы заттардың xалыққа қолжетімділігін, xалықтың заттарға сұранысын, жергілікті өнімдердің дүкендердегі сөрелерден орын алуына ұсыныс білдіріп, іскер азаматтарды қашанда қолдауға дайын екенін жеткізді. Өткен жылдың қорытындысымен ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 98 бірлікке немесе 4,2 пайызға артса, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13 пайызға артып отыр.
15 ақпан 2020 ж. 580 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930