» » Қызылордада жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, 6 адам жапа шекті

Қызылордада жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, 6 адам жапа шекті

Қызылорда қаласындағы Әлихан Бөкейхан және Елеу Көшербаев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 08.30-да орын алды. «Toyota Camry» маркалы автокөлік бағдарлы автобусқа жол бермей, екеуі соқтығысып қалған. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
15 ақпан 2020 ж. 461 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 027

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30