» » Қазақстанда көлік жүргізушілерінің қағаз рұқсаттамалары өз күшін жояды

Қазақстанда көлік жүргізушілерінің қағаз рұқсаттамалары өз күшін жояды

Қазақстанда 15 сәуірден бастап көліктік бақылау бекеттерінде қағазбен берілген рұқсаттарды тексеруді алып тастайды. Қажетті құжаттарды тексеру саласындағы жаңашылдық туралы ИИДМ көлік комитетінің баспасөз қызметі өзінің ресми сайтында хабарлады.
ҚР ИИДМ Көлік комитеті ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап көліктік бақылау бекеттерінде қағазбен берілген рұқсаттарды тексеруді алып тастайды. Оның орнына тексеру Көлік комитетінің көліктік деректер базасының ақпараттық-талдау жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
Яғни, тасымалдаушылардан өзімен бірге қағаздағы рұқсат беру құжаттарының болуы талап етілмейді. Осы рұқсаттарды беруге мақұлданған өтінім және қолданыстағы заңнамаға сәйкес электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте рұқсат беру үшін мемлекеттік орган қабылдаған мемлекеттік баж (қажет болған жағдайда) болса жеткілікті.
Мұндай рұқсаттардың тізіміне енген құжаттар:
– ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат;
– 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат;
– автокөлік құралына рұқсат карточкалары;
– халықаралық жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі.
12 сәуір 2020 ж. 411 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30