» » Бүкіл әлемге коронавирустың үш түрі тарағаны белгілі болды

Бүкіл әлемге коронавирустың үш түрі тарағаны белгілі болды

Ғалымдар коронавирустың үш түрін әлем бойынша тарату туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Вирустың генетикалық тарихын талдай келе Кембридж зерттеушілері індет әлем бойынша таралу кезінде мутацияға ұшыраған деген қорытындыға келді.

Адамдарға берілген вирустың бастапқы түрі Австралия мен АҚШ-та кеңінен таралған. Ғалымдар оны «А түрі» деп атады. Кейін ол Қытайда індет тудырған «В түріне» айналған. Еуропа тұрғындарында «В типінен» ұқсайтын «С типі» жиі кездеседі. Ғалымдар коронавирустың әлі де болса мутацияға ұшырап жатқанын қадап айтты.
Бұған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Кореядағы іргелі ғылымдар институтының ғалымдары SARS-CoV-2 толық РНК-геніне талдау жасап, гендердің егжей-тегжейлі картасын құрады. Оларды әрі қарай зерттеу вирустың өмір циклін анықтауға және онымен күресу әдістерін әзірлеуге көмектеседі.
12 сәуір 2020 ж. 316 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930