» » АТА КӘСІП – АДАЛ НӘСІП

АТА КӘСІП – АДАЛ НӘСІП

Қазір мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бағдарламалар үлкен дем беріп отыр. Мұны тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары төрт түлікті көбейтіп қана қоймай, ет, сүт бағытындағы экологиялық таза өнімді нарыққа молынан шығара бастады. Бұл игі бастаманы қолға алғандардың бірі – Аққұм ауылының тұрғыны Нұрболат Абдраманов. ІСКЕР АЗАМАТ жастайынан төрт түлікті баптап, мал жайғаудың қыр-сырын жетік меңгерген. Ауыл баласы уақыт өте мал басын көбейтіп, оны асылдандыру жайын қарастырып, ойлаған мақсатына мемлекеттік бағдарлама арқылы қол жеткізді.

Аққұм ауылында жайылымдық жер мол болғандықтан мал басын арттыруға мүмкіндік бар екенін ескерген Нұрболат «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 3 млн теңге пайздық үстемесі жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Бұл қаржыға қорасын малға толтырып, ірі қараны асылдандыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі ширата түсті.
– “Мал баққанға бітеді” деген ата-бабамыз әу бастан төрт түлікті көбейту жайын жақсы білген. Сондықтан қазақ даласында тұяқты малдың саны өте көп болды. Міне, қазіргі таңда осы ата кәсіпті қайта жандандыруға бар­лық мүм­кіндік жасалған. Тіпті тиісті маман­дарға барып, кеңес алам десеңіз сізге кәсіп бастаудың қыр-сырын үйретіп, жеңіл­де­тілген несиеге қол жеткізу тетігін көрсетеді. Тұрғындардың әл-ауқатын көте­руге жәрдемдескен мемлекеттік бағ­дар­ламалар арқылы ауылда өз кәсібін бастаушылар көбейіп келеді, – деген Н.Абдраманов бастаған кәсібін одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды.
Ол өткен жылы ауыл іргесінен 75 гектар жер алып, фермер қожалығын құрыпты. Меншігіндегі 58 бас сиырды асыл­дандыру бағытында еліміздің бас­қа өңірінен ақбас асыл тұқымды бұқа алдырды. Мал асылданбай өнім молай­майтынын білген іскер азамат әлі де ірі қара басын арттыруды көздеп отыр. Бордақылау бағытындағы жылқылары да жарақты. Оның еті жергілікті тұрғындар мен аудан орталығындағы базарларға үлестіріледі екен.
– Мал жарақты болу үшін қора-жай жылы, азығы құнарлы болуы шарт. Сонда ғана мол өнімге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Бір жылқыны 3 ай бағамыз. Нақтырақ айтсақ, балаша күтімді қажет етеді. Оны төрт түліктің ебін білген азаматтар жақсы түсінеді. Қазіргі таңда бордақылау жұмыстарымен қоса, сүт өндіруді де қолға ала бастадық, – дейді кәсіпкер.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ



18 сәуір 2020 ж. 291 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930