ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

Аудан еңбекшілерінің осындай ерлікке тән істері үшін 1943 жылдың сәуірінде С.И.Кистановтың атына Жоғарғы Бас Қолбасшы И.В.Сталиннен жеделхат келеді. Онда «...Қызылорда колхозшысы» танк колоннасын жасауға 1 млн. 500 мың сом ақша жинаған және Қызыл Армияның қорына 57 мың пұт күріш тапсырған Жалағаш ауданының колхозшылары мен қолхозшы әйелдеріне менің туысқандық сәлемімді және Қызыл Армияның алғысын тапсырыңыз» делінген.