СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ӨТКІЗІЛЕТІН БОЛДЫ
Әлемдік пандемия төртінші тоқсанды асыға күткен білім саласына да өзгеріс әкелді. Аз ғана уақытта қашықтан оқыту форматына көшірілді. Оқу процесінің қалайда тоқтамайтынын айтқан ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл қиындықтан шығудың да жолын қарастырды, арнайы жүйе мен білім сайттарын іске қосты. Әдепкіде ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды біраз әбігерге салған өзгеріс бір жүйеге түсіп, келеңсіздіктер ретке келтірілді. Енді міне бірнеше күннен соң мектеп оқушылары оқу жылын аяқтайды. Биылғы жылдық қорытынды қалай шығады? Салтанатты жиындар өткізуге рұқсат етіле ме? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаевамен сұхбаттастық.
– Гүлзат Ердәулетқызы, бүгінде аудан бойынша қанша бала қашықтан оқытылуда? Мұғалімдерге бұл өзгеріс қиындық әкелген жоқ па?
– Өздеріңізге белгілі, елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты аудан мектептері төртінші оқу тоқсанында оқушыларға қашықтан оқытуды бастады. Барлық 6797 оқушы үй жағдайында смартфон, планшет, компьютер және тағы басқа гаджеттермен кабельді, мобильді интернет арқылы сабақ алуда. Оқушыларды 1181 педагог қашықтықтан оқытып, сабақ үлгерімін қадағалауда.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері ескеріліп, күнделік жүйесіндегі сабақ кестесін мұғалім мен оқушының өздеріне қолайлы және басқа сабақтарға кедергі келтірмейтіндей уақытқа ұйымдастыру мүмкіндігі берілді.
Бүгінде мұғалімдер Білім және ғылым министрлігі ұсынған интернет платформалар, яғни білім сайттары арқылы тапсырмалар беріп, оның орындалуы бойынша оқушылармен кері байланыс орнатуда. Жағдайды ескеріп, ата-аналар үлкен жауапкершілік танытып, оқушылар да сабаққа ынтамен кірісуде. Ең бастысы, техникалық қиындықтарға қарамастан, саналы түрде оқушылардың тақырыптарды тез меңгеріп, тапсырманы уақытылы орындап отырғаны бізді қуантады. Осындай сын сағатта қиындықты еңсеріп, нәтижелі жұмыс жасай білген ұстаздар қауымының қызметін ерекше атап өту керек.
– Оқушылар қалай бағалануда және жылдық қорытынды қалай шығарылады?
– Білім беру ұйымында оқу пәндерін, өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) тапсырудың икемді кестесі жасалды. Кестелер әлеуметтік желілерінде жарияланып, ата-аналар мен оқушыларға таныстырылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 бұйрығында толығырақ жазылған. Мысалы, 1-10-сыныптарда: апталық жүктемесі 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 1 БЖБ, 1 ТЖБ жүргізіледі және тапсыру мерзімдері 4-11 мамыр аралығында өтті. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндерінен бөлім бойынша 1 жиынтық жұмыс жүргізіледі және 11-15 мамыр аралығында өтті. 11-сыныпта оқу пәндері бойынша бақылау жұмыстары жүргізіледі. 1-10-сыныптарда ТЖБ, ал 11-сыныпта бақылау жұмысын өткізу мерзімі 18-22 мамыр аралығы.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.
– Соңғы қоңырау салтанаты өткізіле ме? Мектеп оқушыларына үлгерімдік грамоталар, аттестаттар қалай тапсырылады?
– Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 1-10 сынып оқушылары үшін «Соңғы қоңырау» онлайн сынып сағаты өткізіледі. Үлгерімдік грамоталар оқушыға қолма-қол берілмейді, тек алдағы оқу жылында сабақ дәстүрлі форматқа ауысқан кезде табысталады. Дегенмен «Соңғы қоңырау!» онлайн сынып сағатында үздік оқушыларды атап кетуге болады.
Ал бітіруші түлектер үшін «Аттестат тапсыру» және «Соңғы қоңырау» шаралары біріктіріліп, 3-4 маусым күндері салтанатты жиындар өткізіледі. Биылғы оқу жылында 271 түлек мектепті бітірді. Оның ішінде ҰБТ-ға қатысуға тілек білдіргені – 232 бітіруші (85,6%). Қазіргі таңда аудан бойынша 38 бітіруші «Алтын белгіге», 16 бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Салтанатты шаралар мектептің сыртқы ауласында ұйымдастырылады. Санитарлық сақтық шаралары және оқушылардың 1,5-2 метр ара-қашықтықты қатаң сақтауы тиіс. Жиынға бітірушілер мектеп формасымен қатысады. Сондай-ақ үйлерде, кафе, ресторандар да отырыстар өткізу және картежге шығуына қатаң тыйым салынды.
Жалпы оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруға, мектептерге сыйлық алуға оқушылар мен ата-аналардан, педагогтардан ақша жинауға рұқсат берілмейді.
– Жаңа өзіңіз атап өткен ұлттық сынамаға үміткер оқушылар тестті қайда барып тапсырады? Жалпы биылғы ҰБТ қалай болады?
– Жалпы ҰБТ өткізудің форматы өзгеріссіз. Былтырғы жылдағыдай 5 пән бойынша 120 сұрақтан тұратын тест тапсырып, ең жоғары 140 балл жинауға мүмкіндігі болады. ҰБТ өткізілетін уақыт 20 маусым мен 5 шілде аралығы. Аудан орталығындағы №202 орта мектептің ғимаратында орналасқан №869 ҰБТ өткізу пункті биылғы жылғы ұлттық сынаманы өткізуге дайын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің соңғы талабына сәйкес. Дезинфекциялық және медициналық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
– Сұхбатыңыз үшін рақмет!
Сұхбатты жүргізген Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ