COVID-19: БОСАҢСУҒА ӘЛІ ЕРТЕ
Төтенше жағдайдың аяқталғанына қуандық. Дегенмен Ел Президенті де, медицина өкілдері де қауіптің әлі сейілмегенін, еркінсуге ерте екенін ескертті. Расымен, әлемде дүрбелең туғызған індеттің таралуы әлі тоқтар емес. Оған күнделікті жаряиланып отырған ресми ақпараттар дәлел болмақ.
Бүгінгі күннің көрсеткіші бойынша жеті мыңнан аса қазақстандық коронавирусты жұқтырған. Олардың көбісінің карантиндік тәртіпті сақтамай, қауіпсіздік шараларын қабылдамағанынан болуы мүмкін. Өйткені бұл дерттен аман болудың ең басты жолы – медициналық бетперде кию мен қолдың тазалығы және көпшіліктен оқшаулану. Сақтансаң сақтайды деген сөз бар. Медицина қызметкерлері белгілеген сақтық шараларын құлаққа ілмей жүргенде аяқастынан денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін ғой. Мұндай жағдайда бәрібір дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келеді. Өйткені ақ халатты абзал жандар қарапайым халықтан гөрі аурудың алдын алудың, одан сақтану шараларын және қажетті ем-домды жақсы біледі. Айналып келгенде мемлекеттің халыққа айтары – ортақ тәртіпке бағыну, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Босаңсуға, еркінсуге әлі ерте деген ескертулер. Қиын-қыстау кезеңде бірліктің үлгісін көрсетіп, тәртіпке бағынып, індетке жұмыла қарсы тұру болашағы жарқын елдің ісі. Әлем елдері Қазақстанды татулық пен бірліктің мекені ретінде үлгі тұтады. Ендеше сол лайықты бағаны құрметтеу, соған сай әрекет ету әрбіріміздің міндетіміз болуы тиіс.
Бастысы, өз денсаулығымыздың жақсы болуы. Отбасымыздың амандығы мен еліміздің тыныштығы. Сонда ғана біз береке мен бірлікте, бейбіт күн кеше аламыз.
Нұр НАУАН