» » ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРСЕҢІЗ...

ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРСЕҢІЗ...

Бүгінгі таңда әлеуметтік саланы дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті өрістетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға негізделген жаңа жобалар қолға алынды. Бүгінде жаңадан басталған 18 жоба құрылыс жұмыстарына жіберілген азаматтардың саны 200-ден асты.

Он сегіз жобаның ішіндегі күрделі жөндеуден өтетін нысандардың қатарында Аққыр және Мақпалкөл ауылдық округтеріндегі мектептер мен кент орталығындағы ескі емхана бар. Көне емхана нысаны аудан жұртшылығына етене таныс. Көптен бері тозығы жетіп, қараусыз қалған нысан енді қайда жөндеуден өтіп, балабақша ретінде пайдаланылуға берілмек. Мұнан бөлек Аққұм, Бұқарбай батыр ауылдарындағы емхана мен дәрігерлік амбулатория мекемесі де жаңғыртылады. Аудандағы жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратына да ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады. Сонымен қатар Жалағаш кентіндегі және Таң елді мекеніндегі мәдениет үйлері де жөндеуден өтеді. Осы секілді ағымдағы жөндеу жүргізілетін нысандардың қатарына аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының спорт және акт залдары, №13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, “Наркескен” спорт клубы және М.Шәменов ауылындағы спорт алаңдары еніп отыр. Кенттегі орталық алаң да абаттандырылып, сәулеті жаңармақ Бұл жұмыстардың бәріне жергілікті жұмыссыз тұрғындар жіберілмек.
– Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бер­меу және елді мекендердің инфра­құры­лымын дамыту мақсатында ауданда 18 жоба қолға алынды. Осыған орай халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың (жастарға басымдық беріледі) тізімін қалыптастыруда. Ауданда жүзеге асып отырған бұл жобалардың құрылысына бірінші кезекте жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрған азаматтар тартылуда. Қазірдің өзінде бұл жұмыстарға 208 адам жіберілді. Осы айдың аяғына дейін тағы да 150-ге жуық азаматты жұмысқа тарту көзделуде. Жұмыспен қамту орталығы арқылы күніне 15-20 адам жұмысқа жолдама алып отыр, – дейді халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Қуанышкүл Көшербаева.
Аталған құрылыс жұмыстарына жі­бе­­рілген азаматтардың айлық-жала­қысы да жаман емес. Жұмысшы­лардың орташа айлық табыс көлемі 110500 теңгені құрайды. Он сегіз жоба бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы барлығы 343 адамды жұмысқа тарту көзделсе, бүгінде екі жүзден астамы жұмысқа орналасты. Соның нәтижесі болса керек, биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыссыздық дең­гейі 3,7 пайызға төмендепті.
Айта кеткен жөн, биыл жол жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмайды. Жалағаш кентіндегі Б.Сопбеков, Аман­гелді, А.Бисенов, Әйтеке би, Қазыбек би және Сәрке батыр көшелері мен “Са­мара-Шымкент-Таң” және “Са­ма­­ра-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-Қара­­кеткен” бағытындағы аудандық ма­ңызы бар автомобиль жолдары да ор­таша жөндеуден өтеді. Сондай-ақ 18 жобаның ішінде Ақсу ауылына кіре бе­ріс автомобиль жолы мен осы елді мекендегі көшелерді жарықтандыру жұ­мысы да бар.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ
13 маусым 2020 ж. 426 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930