Тәулік бойы қасымызда болды
Шілде айының басында Жалағаш аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына түстім. Қызуым көтеріліп, мазам қашты. Бір апта тамаққа тәбетім болмады. Үйден емделіп көрген едім, жағдайым жақсарудың орнына нашарлай түсті.
Содан ауылдағы жедел жәрдем қызметін шақырттық. Олар ауруханаға алып кетті. Аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында 13 күн ем қабылдадым. Дәрігерлер «екі жақты пневмония» деген диагноз қойып, қажетті емдеу шараларына кірісіп кетті. Күн өткен сайын жағдайым жақсарып, қызуым түсті. Ас ішіп, әлсіздік пен тершеңдік басылды.
Адам жанының арашашысына айналған мамандар күндіз-түні науқастардың қасынан шықпай, қажетті ем-дом шараларын жасады. Олар үйлеріне де қайтып жатқан жоқ. Жиырма төрт сағат ем алушылардың жанында. Дәрігерлердің арқасында қаншама науқас ауруынан айығып, отбасына оралды.
Осы ретте аурухана ұжымына, дәрігерлері мен мейірбикелері Гүлсім Каюпова, Фарида Омарова, Сұлушаш Досыбек сынды ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Байқағаным, дәрігерлер өз өмірін қатерге тіге отырып, өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысуда.
Әрбір адам өз денсаулығына, өміріне жауапты. Індет өршіп тұрған шақта барынша қауіпсіздік шараларын ұстанғанымыз жөн. Қоғамдық орындарға, адам көп шоғырланатын жерлер мен жиын, той сынды мерекелік кештерге баруды тоқтата тұру керек.
Бұл – уақытша қиындық. Індетті еңсеріп, қайта қалыпты өмірге оралу үшін сақтық шараларына селсоқ қарамайық.

Ғани ДӘУІРЖАНОВ,
Аққұм ауылының тұрғыны
Аққұм ауылының тұрғыны