» » ҮЙЛЕР ЖАҢҒЫРЫП, ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

ҮЙЛЕР ЖАҢҒЫРЫП, ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

Кент келбетінің жағдайы ауданның көркеюінің, оның ішінде құрылыс саласының даму деңгейінің көрінісі. Өңірде атқарылған іс аз емес. Құрылыс саласы да соңғы жылдары серпін алды. Аудандағы бой көтеріп жатқан ғимараттардың барлығы осының дәлелі. Соңғы екі-үш жыл көлемінде бірнеше нысан пайдалануға берілді. Олар бүгінгі күні ел игілігі үшін қызмет етуде. Бұл жұмыстардың барлығы кент келбетін арттырып, ел игілігі үшін жасалуда.

Кенттегі игілікті істің бірі – көпқабатты үйлердің қайта жаңғыртылуы мен жол жайы. Нақтырақ айтсақ, осы жылы кенттегі көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жасалып, жаңа кейіпке енді. Айта кету керек, бұл көпқабатты үйлердің жөндеуден өтуіне бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестік демеушілік жасаған. Игі істің бастамашысы болған компаниялардың қолдауының арқасында кент орталығындағы көпқабатты үйлердің бірнешеуі жаңғыртылды.
Мәселен Қазыбек би көшесі №2, Т.Үркімбаев №1, Т.Үркімбаев №2 көпқабатты үйлер «Газстройин­жиниринг» ЖШС арқылы сырт қабырғалары толы­ғымен сырланды. Сонымен бірге «Иман» ЖШС арқылы Қазыбек би көшесі №36 көпқабатты үйі, «Реалстройинвест» ЖШС арқылы №38 көпқабатты үйінің шатырлары жаңаланып, сырт қабырғалары толығымен сырланды. Қазіргі таңда «Абусер» ЖШС-ның демеушілігімен Қазыбек би көшесіндегі №50 көпқабатты үйдің шатыры жаңаланып, сырт қабырғасы сырлануда.
Кент әкімшілігінің мәліметі бойынша, Жалағаш кентінде биыл Сопбеков, Амангелді, Бисенов, Сәрке батыр, Әйтеке би көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Ал Қазбек би көшесін жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сонымен бірге аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына да орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынбақ. Айталық, Қаракеткен ауылына кіреберіс жолдың 2,575, Таң ауылына кіреберіс жолдың 3,3, «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолын орташа жөндеу, яғни Еңбек-Есет батыр ауылдар аралығы 8-20,3 аралығының 12,3, «Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолын орташа жөндеу, яғни 6-шы посттан Мырзабай ахун мешітіне дейін 9,4 шақырымы жөндеуден өтпек.
Бұдан бөлек Ақсу ауылына кіреберіс жолдың 2,3, Бұқарбай батыр ауылының кіреберіс бөлігінің 6,3 және Есет батыр-Жаңадария аралығындағы 17,1 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өтуде.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ
28 шілде 2020 ж. 463 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930