Қызылордалық эпидемиологтар ауру ошақтарына жаңа көліктермен баратын болды
Kyzylorda-news.kz. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен орталықтандырылған сатып алу қызметі негізінде Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне 5 жаңа қызметтік автокөлік берілді.
Бұған дейін тозығы жеткен көліктермен ауру ошақтарына уақытылы жету мәселесі қиындық тудырған еді. Әсіресе бұл аудандарда, шалғай елді мекендерде өзекті.
Бұдан былай су жаңа ВАЗ-2121 көліктері Қызылорда қаласы, Арал, Жалағаш, Жаңақорған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына үлестіріліп, қызмет көрсетуге дайын. Бұл көліктер жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік жасайды
Жыл соңына дейін дәл осындай 5 көлік беріледі деп күтілуде.