“ТУҒА ИЕ БОЛА АЛМАҒАН АДАМ АУЫЛҒА ҚАЛАЙ ИЕ БОЛАДЫ?”
Бұл – аудан әкімі Асылбек Шәменовтің кешегі өткен аппарат мәжілісінде айтқан сөзі. Бірқатар мекеменің мемлекеттік рәміздерді талапқа сай қолданбай отырғаны аудан басшысының осы сөзді айтуына себеп болды. Жиында бұдан бөлек салық базасын ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстар мен жол-көлік қауіпсіздігі туралы мәселелер көтерілді.
Күн тәртібінде үш мәселе көтерілген аппарат мәжілісінде алғашқы болып аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Мәулен Өсер хабарлама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан тамыз айына дейін 8 жол-көлік оқиғасы болған. Жол апатының салдарынан 14 адам жапа шексе, 2 азамат қайтыс болған. Осы жол-көлік оқиғаларының 6-ы жүргізушілердің кінәсінен орын алған екен. Тіпті 7 адам көлікті мас күйінде жүргізген.
Көлік тізгендегеннің барлығы басқалардың өміріне жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Өйткені оның машинасында өзінен басқа тағы 4-5 адам болуы мүмкін. Құдай сақтасын, бірақ жүргізушінің көлікті ішіп айдауынан немесе жол ережесіне салғырт қарауынан апат болуы ықтимал. Әсіресе астындағы темір тұлпарының жылдамдығын шамадан тыс асыратындар өзінің де, өзгенің де басын қауіпке тігеді. Жол апатының ақыры қайғылы жағдайға ұласып, адам өлімімен аяқталған кездер де аз емес. Көлік апатына тас жолға кесе көлденең шығатын төрт түлік те себеп болып жатады. Қалай болған жағдайда да көлік тізгендеген адамның барынша сақ болғаны абзал.
Жиында тамыз айына дейін салық салу базасын ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстар да қаралды. Бұл туралы кірістер басқармасының басшысы Руслан Байғазиев хабарлама жасап, саладағы жұмыстарды жіктеп шықты.
Сала басшысының айтуынша, осы жылдың 7 айында жергілікті бюджет 102 пайызға орындалған. Мүлік және басқа да салықты түсіру үшін қажетті шара атқарылған. Салық төлемгерлерінің берешектерін азайту мақсатында да атқарылған жұмыс бар. Мәселен, тамыз айына дейін 38 салық төлемгерінің есеп шоттары тоқтатылып, салық толығымен өндірілген. Бұдан бөлек 68 салық төлемгерінің кассалық шығыс операциясы тоқтамға алынып, салық толық өндірілген.
Мақаланың әлқиссасын мемлекеттік рәміздерден бастаған болатынбыз. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Шарабан Қалыбаев өз хабарламасында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуын сөз етті. Бөлім басшысының айтуына қарағанда, бірқатар мекемеде мемлекеттік рәміздерді қолдану барысында жіберілген қателіктер бар көрінеді. Соның бірі ретінде аудандық аурухананың ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаториялардың атауы жазылған маңдайшалар ел үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1371 қаулысына сәйкес келмейтінін атап өтті. Елтаңбаға немқұрайлы қарағандардың қатарында аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім де бар. Бұл мекеме ғимаратының сыртында орналасқан елтаңба ескі стандартпен тұр және бүгінге күнге дейін ауыстырылмаған. Бұдан бөлек Мәдениет ауылындағы №14 спорт мектебі ғимаратының сыртында орналасқан мемлекеттік тудың шеті жыртылып, қараусыз қалғаны және Аламесек ауылдық округі әкімдігінің сыртында орналасқан мемлекеттік рәміздердің орналасу тәртібі бұзылғанын баяндады. Сондай-ақ ішкі саясат бөлімінің басшысы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі ғимаратының сыртында орнатылған тудың жыртылғанын, тұғыр ұштығының жоқтығын айтты.
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз елдің басты нышандары. Оларды құрметтеп, қастерлеу – өзін патриотпын деген әрбір азаматқа міндет. Сол себепті аудан әкімі мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырып, жиынды тиісті сала басшыларына тапсырма беріп қорытындылады.
Азиз БАТЫРБЕКОВ