» » АУДАН ӘКІМІ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП, ДЕПУТАТТАРҒА ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП, ДЕПУТАТТАРҒА ЕСЕП БЕРДІ

Аудан әкімі Асылбек Шаменов алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 62-сессиясында ауданның 6 ай ішіндегі дамуын қорытындылап, алдағы міндеттерді белгіледі.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты.

Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар негізінен әлеуметтік саланы дамытуға, бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, аудан экономикасын арттыруға бағытталған.

«Өнеркәсіп өнімдерін өндіру өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10,4 есеге артып, 7 млрд. теңгеге жетті.

Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 7 млрд. 551 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4 пайызға өсті», - деді аудан басшысы.
Ауданда шағын өндірістерді дамыту бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында ағымдағы жылы 95 жоба 2 млрд. 392 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Ағымдағы жылы жалпы құны 660 млн. теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 34 жаңа жұмыс орындары ашылды» - деп атап өтті Асылбек Өмірбекұлы.

Сонымен қатар, аудан әкімі А.Шаменов «Ауданымызда басталған жобаларды одан әрі жалғастыру және барлық көрсеткіштерді бір елі төмендетпей, әлеуметтің әлеуетін көтеру бағытында алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасаймыз деп сенім білдіремін»-деп сөзін қорытындылады.

09 қыркүйек 2020 ж. 492 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930