» » ОН ИНДИКАТОРДА ОҢ ДИНАМИКА ҚАЛЫПТАСТЫ

ОН ИНДИКАТОРДА ОҢ ДИНАМИКА ҚАЛЫПТАСТЫ



аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралған жиында алдымен кадрлық өзгерістерге кезек берілді. Қайратбек Әубәкірұлы әріптестеріне аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалған Азиз Батырбековті таныс­тырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнан кейін күн тәртібінгеі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова баяндама жасады. Ол өз сөзінде облыстың жергілікті атқарушы органдары меморандумында бекітілген түйінді нысаналы индикаторлардың 10 айда орындалуы мен осы уақыт аралығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын кеңінен тарқатты. Атап айтсақ, макроэкономикалық көрсеткіштер, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, тамақ өнімін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында қолға алынған жобалар мен тірек елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстар жайы мәжілісте айтылды.
Баяндамашының сөзінше, атқарылған жұмыстар негізінен әлеуметтік саланы дамытуға әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ, аудан экономикасын дамытуға бағытталып отыр. Осыған дейін ҚР Үкіметі мен облыс әкімдігі арасында бекітілген 16 түйінді нысаналы индикатордың орындалуы жөнінде меморандум қабылданған болатын. Оның ішінде біздің ауданға қатысты 10 түйінді нысаналы индикатор жоспарланған еді. 10 айда 10 индикатор бойынша оң динамика қалыптасты. Мұнан бөлек, ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында бекітілген 76 нысаналы индикаторда да өсім байқалып отыр. Нәтижесінде, бірқатар салада алға жылжу байқалады.
Мәселен өнеркәсіп өнімін өндіруші мекемелер, кәсіпорындар мен секторлар қарашаға дейін 3 млрд 916,5 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткішті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, 1,6 пайызға артып отыр. Барлық сала бойынша өңделген өнім көлемін кеңінен тарқатқан Ж.Баймаханова қаржы-салық саясаты мен дербес бюджетке кеңінен тоқталды. Мәселен, биыл аудан бюджеті 7,1 млрд теңге болып бекітілсе, жыл басынан бері бюджет 3 мәрте нақтыланып, 7 рет түзету енгізілген. Нәтижесінде, аудан бюджетіне 1133,4 млн теңге ағымдағы нысаналы трансферт, 688,2 млн теңге нысаналы даму трансферті бөлінді. Қазіргі таңда аудан бюджеті 8 млрд 205 млн теңгеге жетіп отыр. Ал, төртінші деңгейлі дербес бюджеттің жергілікті кірістерінің биылғы жоспары 49455 мың теңге болса, оның 20 қарашаға дейін 40879,2 мың теңгесі орындалды. Бұл ретте елді мекендер бойынша міндетті жұмыстарды артығымен орындаған ауылдық округтер де бар.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қарқын алуда. Мемлекеттік бағдарламалармен несие алған азаматтар өз жобаларын жүзеге асыру жолында аянып жатқан жоқ. Оның үстіне аймақ басшысы 2018-2020 жылдарды жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялағалы сала қарқын алды. Мәселен, қарашаға дейін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2342 бірлікті құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23 бірлікке артып отыр. Бұл нысандарда қазіргі таңда 8871 адам жұмыспен қамтылған. Он айда 309 кәсіпкер кірістер басқармасына тіркеліп, нәтижесінде тағы да 345 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Сондай-ақ, жұмыс жасамай тұрған кәсіпорындарды анықтап, олардың санын азайту жұмыстары да қарқынды жүруде. Бүгіннің өзінде тіркелген кәсіпорындардың 81 пайызы нақты жұмыс жасап тұр. Мұнан бөлек, аграрлық аймақтың егін және мал шаруашылығы саласы бойынша да жеткен жетістігі жоқ емес. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы мұнан бөлек өңірдегі тіректі елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстарды да кеңінен тарқатты.
Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет пен Аққұм ауылы тіректі елді мекендер қатарына қосылған еді. Сол уақыттан бері облыс қазынасынан бөлінген 260 млн теңгеге 90 орындық балабақша мен 176,2 млн теңгеге 150 орындық ауылдық клуб, 196,6 млн теңгеге спорттық кешеннің құрылысы қаланды. Қазіргі таңда үш нысан да ел игілігіне беріліп, ауылдың ажарын айшықтауда. Мұндай ілкімді жобалар аққұм ауылында да жоқ емес. Мәселен аталған елді мекенде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 11 жоба мемлекеттік бағдарламамен қардыландырылды.
Облыста тіректі елді мекендерді қолдау шаралары мұнымен шектелмейді. Мәселен, аталған санаттағы өңірлерді дамыту мақсатында «Қызылорда облысының тіректі елді мекендерін дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы» әзірленген болатын. Аталған құжатта Аққұм мен Мәдениет ауылдарында келер жылы облыс қазынасынан 30 млн теңгеге типтік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай мал қорымын салу жоспарланды. Сондай-ақ, 2020-2021 жылдары тіректі елді мекендер көшелерін орташа жөндеуден өткізу де күн тәртібінде. Тиісті жұмыстарға 313 млн теңге қаржы бөлінеді. Ал, 2020 жылы Аққұмда мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 350 млн теңгеге спорт кешенін салу көзделуде.
Бұдан басқа да атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарды кеңінен баяндаған Ж.Баймаханова аудан бойынша нысаналы индикаторлардың орындалуы статистика басқармасымен қорытындыланатынын жеткізді.
Қарашаның 20-сына дейін аудан бюджетінің жалпы түсімдер жоспары 7 млрд 588 млн 225 мың теңгені құраса, қазіргі таңда оның 7 млрд 519 млн 557,1 мың теңгесі орындалған. Бұл туралы аппарат мәжілісінде аудандық қаржы бөлімінің басшысы Нұрсұлу Маратқызы баяндады. Оның сөзінше, жергілікті кірістердің жылдық болжамының орындалу үлесі 74 пайызды құрайды.
Аудан бюджетінің шығыстар жоспары 20 қарашаға дейін 7 млрд 664 млн 736,6 мың теңге болып, белгіленсе, қазіргі таңда оның 6 млрд 880 млн 126 мыңы атқарылды. Ал, қалған 784 млн 610,6 мың теңге игерілмеген. Аудан бюджеті қаражатының желтоқсанға дейін орындалуы мен жылдық болжамның атқарылу барысын баяндаған Нұрсұлу Маратқызы қаржы саласында әлі де атқарылар жұмыстардың жоқ емес екенін айтты.
Осыдан бірнеше жыл бұрын кенттің батыс бөлігінен «Серпін» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі таңда мұндағы 9,8 гектар жер кәсіпкерлерге табысталды. Мұнан бөлек, 3 гектар жерді тағы да іскер азаматтарға беу мақсатында аукцион өтуде. Аталған аймақта қолға алынған жобалар жұмысын баяндаған аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Айтенов олардың өңір әлеуетін арттыруға жұмыс жасайтынын жеткізді.
Мәжілісті аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ө.Елеусінов қорытындылады. 2011-2015 жылдары кенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыс­тарына жұмсалған қаржының қайтарылымына тоқ­тал­ған ол осы бағытта әлі де атқарылатын жұмыс­тардың бар екенін жеткізді. Жиын соңында аудан әкімі бірқатар сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, атқарылатын жұмыстарды әлі де ширату қажеттігін тілге тиек етті.

К.БАЛҒАБАЙ,
М.АХМЕТОВ (сурет).

27 қараша 2018 ж. 999 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 19:11
Propecia He Impotencia online cialis Isotretinoin Direct

Гость Jeaplause от 8 наурыз 2019 12:39
Acheter Vrai Cialis En Ligne Buying Medicaltion Online Cialis Veritable levitra et cialis Cialis Pas Cher Propecia Meteo Proscar

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930