ТАПСЫРМА ТИЯНАҚТЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі 5 мәселе сөз болған басқосуда алдымен аудан басшысы бірқатар кадрлық өзгерістерді тілге тиек етіп, бұрынғы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Ержановқа өңір спортын ілгерілеуде еткен еңбегіне алғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан кейін бөлімнің жаңа басшысы қызметіне тағайындалған Еркебұлан Жамалатовты әріптестеріне таныстырып, сала дамуының серпін алуына жұмыс жасайтынына сенім артты. Сондай-ақ, Н.Ержановты аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Мұнан кейін әдеттегідей күн тәртібіндегі мәселелерге кезек берілді. Алдымен аудан бюджеті кірістерінің қыркүйек айына дейін орындалу барысына тоқталған аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова атқарылған жұмыстарды кеңінен тарқатты. Оның сөзінше, өңірдің жергілікті кірістерінің биылғы түсім болжамы 1 млрд 225 млн 666 мың теңгеге бекітілген. Ал, қыркүйекке дейінгі болжам 699 млн 138 мың теңге болса, тиісті түсім қаражат 111,7 пайызға артығымен орындалған. Негізінен жергілікті кірістердің жылдық болжамының 72,8 пайызын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық түсімі құрайды. Бөлім басшысы 10 ауылдық округтің қолма-қол бақылау шоттарына 7 млн теңгеден астам қаржы аударылғанын және оның 3 млн теңгеден астамы әлі күнге дейін игерілмегенін тілге тиек етті. Оның ішінде Аққыр ауылдық округі бойынша 390,9 мың, Мақпалкөл ауылдық округі бойынша 579,3 мың, Таң ауылдық округі бойынша 419,2 мың және Ақсу ауылдық округінде 1 млн 224,9 тың теңге қаржы игерілмей тұр. Осы орайда Қайратбек Әубәкірұлы қаржыны түсірудің өзі мәселе болып тұрғанда аударылған қаражатты игере алмау атқарылған жұмыстың төмендігін көрсететінін және тиісті елді мекен басшыларына сылтауды себепке айналдырмау қажеттігін ескертті.
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында камералық бақылау жүргізілген болатын. Нәтижесінде, бірқатар шаруа және фермер қожалық субъектілерінің мемлекеттік кірістер органына тапсырған салық декларциясында ауытқулар анықталып, иелеріне басқарма тарапынан хабарламалар жолданған еді. Алайда, бірқатар шаруашылық субъектісі тиісті хабарламаны уақытылы орындамай, жергілікті бюджеттің кіріс көзі, әлеуметтік салық түрі бойынша салық салу объектісін жасырып, салық төлемін төлемей отыр. Мәселен, Мәдениет ауылдық округі бойынша «Мәдениет» шаруа қожалығы 2015, 2016, 2017 жылдар үшін салық есептіліктерін нөлдік көрсеткішпен тапсырған. Ойлап қарасақ, бұл сөзге бала да сенбейді. Себебі, қатарынан 3 жыл табыс таппаған шаруашылық неге сонша уақыт жұмысын жалғастырады? Осындай мәселелерді аппарат мәжілісінде көтерген аудандық кірістер басқармасының басшысы Данияр Қосбергенов бұл шаруашылық құрылымы осы жылдар ішінде 80-90 млн теңге көлемінде табыс тапқанын айтты. Оған қоса жыл сайын мемлекет есебінен қайтарымсыз 20-25 млн теңге көлемінде субсидия алып отырған. Бұл ауыл шаруашылығы мақсатында берілген қайтарымсыз субсидия толық көлемде салықтануға жатады. Осындай олқылықтар басқа да елді мекендерде орын алып отыр. Мәселен, Мәдениеттегі «Тайжан» шаруа қожалығы 1 млн 651,3 мың, Аламесек ауылдық округі бойынша «Аламсек» шаруа қожалығы 1 млн 651мың, Бұхарбай батыр ауылдық округінен «Бекжанов» шаруа қожалығы 1 млн 107 мың, Аққыр ауылдық округінен «Нұрсая» шаруа қожалығы 151,4 мың теңге әлеуметтік салықты бюджетке төлемей отыр. Мұндай кемшіліктер Таң мен Мырзабай, ауылында да кездеседі.
Д.Қосбергеновтың айтуынша, басқарма тарапынан салық есептілігін тапсыру туралы хабарлама жолданып, 21 салық төлеуші қосымша салық есептілігін тапсырып, 63,5 мың теңге мүлік салығы бюджетке түскен. Қалған 22 салық төлеуші бұл хабарламалардың орындалуына немқұрайлылық танытқан. Баяндамашының сөзіне сүйенсек, басқарма тарапынан тиісті жұмыстар атқарылған. Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың өзінен 8 айда 22 млн 352 мың теңге қаржы түскен. Жыл басынан бері жеке тұлғалардың атына тіркелген көлік құралдары салығына қатысты талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 69 жеке тұлғадан 2 млн 796 мың теңге қосымша бюджетке табыс кірді. Сондай-ақ, аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан 8 айда 736 әкімшілік іс қаралып, 29 заңды тұлға мен дара кәсіпкерге 2 млн 904,8 теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 671 мың теңгесі өңдірілді. Д.Қосбергенов бұл саладағы бірқатар мәслеленің алдын алуда әлі де тиісті жұмыстардың атқарылатынын жеткізді.
Басқосуда бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және жұмысқа тарту бойынша Жол картасының орындалуы барысы да қаралды. Бұл жайында баяндама жасаған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Элмира Құттымбетова айтып өтті. Тиісті жұмыстарды атқаруда Ақсу, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдық округтері белсенділік танытса, кент пен Шаменов, Аламесек ауылдық округтерінде бұл жұмыстардың орындалу деңгейі төмен. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, кейбір ауылдық округтерде мемлекеттік қолдау шаралары өз деңгейінде көрсетілмеген. Мәселен, Еңбек, Жаңадария, Қаракеткен және Таң ауылдық округтері бойынша бағдарлама аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен бір де бір адам қамтылмаған. Несиелендіру бойынша Аққұм, Шаменов ауылдық округтерінде бағдарлама шеңберінде шағын несиені бірде-бір адам алмаса, Мырзабай ахун ауылдық округінде тиісті мөлшердегі несиеге тек 1 адам қол жеткізген. Сонымен қатар, Аққыр, Аламесек, Еңбек, Жаңадария және Шаменов ауылдық округтерінде әлі күнге дейін ешқандай әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылмай отыр.
Шілде айында аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте Жалағаш кентінде орналасқан 19 мемлекеттік мекемеге 1200 адамның мәртебесін нақтылау, оның ішінде кем дегенде 670 адамның мәртебесін өзектендіру жөнінде тапсырма берілген еді. Тиісті тапсырма өз деңгейінде жүзеге аспай отыр. Мәселен, бүгінде 286 адамның ғана мәртебесі өзектендіріліп, кейбір бөлімдер мен мектептер тарапынан берілген тапсырма тиісті деңгейде орындалмауда.
Аудан бюджетінің шығыстар жоспары есепті мерзімде 5млрд 351млн 625,4 мың теңгені құраса, атқарылуы 5 млрд 109 млн 603,5 мың теңгеге орындалған. Бірақ, бір кемшін тұсы 242 млн 021,9 мың теңге игерілмей отыр. Басқосуда мұнан бөлек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен 114 млн 694 мың теңге орындалмағанын жеткізген аудандық қаржы бөлімінің басшысы Нұрсұлу Маратқызы игерілмеген шығынның 47,8 пайызы аталған бөлімге тиесілі екенін жеткізді. Игерілмеген қаражат облыс қазынасынан бөлінген бюджетте де жоқ емес. Н.Маратқызы 9 айдың қорытындысын толық игеру мақсатында барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бірінші басшыларына бюджет қаражатының күнделікті атқарылуын бақылауға алуды ұсынды.
Жиында егін жинау маусымын уақытында орындау жайы да сөз болды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Қалниязов егін жинау науқанының қазан айының ортасына дейін аяқталатынын жеткізді. Биыл ауа райының салқындығына байланысты алғашқы орақ кеш басталды. Маусымды еш шығынсыз аяқтауға жергілікі шаруашылықтар сақадай сай. Аудан әкімі бөлім басшысына атқарылатын жұмыстардың жүйелілігін және жанар-жағармайдың уақытылы жеткізілуін жіті қадағалауды тапсырды.
Мәжілісті хаттамалық тапсырмалардың орындалуына тоқталған аудан әкімдігінің аппарат басшысы Шарабан Қалыбаев қорытындылады. Ол бұл тұста атқарылған жұмыстар мен бірқатар кемшіліктерді баяндады. Осы орайда Қайратбек Сәрсенбаев жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді. Жиын соңында аудан әкімі 10 қарашаға дейін өтетін сенбіліктің жүйелі ұйымдастырылуына баршамыздың жауапты екенімізді жеткізді. Сондай-ақ, осы тұста кент әкіміне де бірқатар тапсырма жүктелді.
Кенжетай БАЛҒАБАЙ.

Пікір 2