» » БІР ТИЫН САЛЫҚ ТҮСІРМЕГЕН АУЫЛДАР БАР

БІР ТИЫН САЛЫҚ ТҮСІРМЕГЕН АУЫЛДАР БАР

Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова мамыр айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, биылғы жылдың 4 айында ауданның барлық салалары бойынша тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіші артқанын жеткізді.
Сондай-ақ, бөлім басшысы төртінші деңгейлі дербес бюджеттің жергілікті кірістерінің орындалуы туралы баян етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала болжамымен таныстырып өтті. Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары 2018 жылдың 1 мамырына 2301,2 миллион теңгенің өнімін өндіріп, көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,9 пайызға артқан. Ал, негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 2018 жылдың 4 айында 641,5 миллион теңгені құраған. Аудандық бюджет есепті мерзім аралығында 1 мәрте нақтыланып, 4 рет түзету енгізілді. Ағымдағы жылдың 1 мамырына аудан бюджетінің жергілікті кірістер болжамы 102,8 пайызға орындалған.
Бұдан кейін Ж.Баймаханова аудан әкімінің іс-қимыл жоспарының 2018 жылдың 5 айының орындалуына талдау жасады. Яғни, алда ауқымды міндеттер бар. Айталық, алдағы уақытта аудандық аурухана, жұқпалы аурулар бөлімшесі және аудандық емханасының жүйесіне қалуға жобалау сметалық құжат әзірлеу, Қаракеткен елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктін ғимаратпен қамтамасыз ету, Ақсу, Мырзабай ахун, Таң елді мекендеріндегі дәрігерлік амбулатория құрылысын салуды мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында ұйымдастыру жұмыстары жүргізілу қажет. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігі арасындағы меморандум бойынша 16 түйінді нысаналы индикатор орындауға қаулы қабылдаған. Осы қабылданған индикаторлардың 14-і аудандарда орындалуы тиіс. Ал осы 14 түйінді нысаналы индикатордың 9-ы Жалағаш ауданының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасында қаралған. Сондықтан жауапты бюджеттің бағдарлама әкімшілері түйінді нысанасы индикаторлардың жылдық мәнін орындау бағытында жұмыс жасау керектігіне тоқталды.
Мәжілісте аудандық қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы 2018 жылғы 1 маусымға бюджет қаражатының игерілу болжамы және «Дәуімбай», «Береке» учаскелерінің инфрақұрылым жүйелерін теңгерімге алу заңдылықтарын түсіндірді. Кентте 2032 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Алайда, «Дәуімбай», «Береке» учаскелерінде тұрғын үй салуға жер учаскелері 2015-2017 жылдары берілсе де әлі күнге дейін құрылыс жұмыстары басталатын түрі көрінбейді. ҚР Жер Кодексінің талаптарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері 3 жыл мерзімге беріледі. Бүгінгі таңда «Дәуімбай» елді мекеніндегі берілген 78 жер учаскесі игерілмегені анықталып отыр. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, берілген жер учаскелерін мерзімінде игеру, нысаналы мақсатына сай пайдалану туралы азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, мәжілісте аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Қалниязовтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетованың аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматын енгізу барысы туралы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры М.Құрақбаевтың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды заңдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарламалары тыңдалып, кеңінен талқыланды.
Мәжілісте қаралған мәселелерге талдау жасаған өңір басшысы аудан бойынша жұмыс істемей тұрған 571 кәсіпкерлік субъектіні есептіліктен шығару керек екенін ескертті. Сондай-ақ, биылғы жылдың 4 айында Ақсу, М.Шәменов, Қаракеткен ауылдарында бірде-бір мүлік, жер, көлік салығы түспегенін тілге тиек етті. Бюджет көзі – салық. Сондықтан биылғы жылдың 6 айында аудан бюджетінің жергілікті кірістер болжамы асыра орындалуы керек. Мәжіліс соңында өңір басшысы әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында тиісті бөлім басшыларына бірлесіп жұмыс жүргізу жөнінде тапсырмалар беріп, алдағы міндеттерді нақтылады.
С.БЕРТАЕВ.


02 маусым 2018 ж. 787 1

Гость Jeaplause от 6 наурыз 2019 15:04
Viagra 50 Precio zoloft 100 without a prescription Usa Pharmacy Online Reviews Propecia Ottawa Wie Wirkt Viagra De

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930