» » Халық – қазы, еңбек – таразы

Халық – қазы, еңбек – таразы

Халық – қазы, еңбек – таразы
Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов Өңірлік комму­никация ала­ңында бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдеріне арнап баспасөз конфе­рен­циясын өткізді. Алдымен ау­дан бас­шысы бүкіл әлемді жайлаған пан­де­миямен күрес кезінде елдегі бол­ған ауыр жағдайда алдыңғы шепте бел­сенді еңбек еткен журналистер қауы­мына алғысын жеткізді.


Мұнан соң жиында ауданда 9 ай көлемінде жасалған жұмыстар мен жү­зеге асатын жаңа жобалар жөнінде кеңі­нен баяндалды. Естеріңізге сала ке­тейік, 1 қыркүйек күні Президент «Жаңа жағ­дайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қазіргі қалып­тасқан ахуалға байланысты алдағы іс-әрекеттерді нақты белгілеп берген еді. Мемлекет басшысының тапсыр­масын негізге ала отырып, аудан әкімінің 2020 жылға арналған іс-қимыл жоспары бекітілген болатын.
Жалт еткен жаңалық пен игілікті іске бейжай қарамайтын жалағаштық жайсаң халық үшін әлеуметтік саланы дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолға алуға, жаңа жұмыс орнын құруға жете мән берілгені қуантуда. Бұл жұмыстардың бәрі аудан экономикасының алтын қазығы саналады. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінде оң серпін қалыптастырады. Әрине, өнеркәсіп өнімінің даму динамикасы – аталған игі істердің дәлелі.

Мәселен, өнеркәсіп өнімін өндіру өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,7 есеге артқан. Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 9 млрд 857 млн теңгені құрап, 14,8 пайызға өсім бай­қалды.
Ауданның негізгі тайқазанына түскен қаражаттың жылдық межесі 11,6 млрд теңге болып бекітілсе, қазір ол 14 млрд 281 млн теңгені құрап отыр. Демек, аудан бюджетінің өсімі жоғары деген сөз.
Елімізде кәсіпкерлік өркен жайған тұста аудан экономикасының күретамыры сана­ла­тын салада да ілгерілеушілік бар. Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар эко­но­микасы» және басқа да бағдар­ламалар арқылы биыл 140 жоба қар­жыландырылған. Нәти­же­сінде 320 адамға жұмыс көзі табылған.
Сонымен қатар мемлекеттік және өңір­лік бағдарлама аясында қазіргі таңда 30 жобаның құжаты жинақталуда. Жоба шеңбе­рінде 68 адам жұмыспен қамтылатын болады. Осы жылы «Толғанай» ШҚ-ның МІҚ малына арналған мал бордақылау және етті өңдеу цехы және «UNO Prof Stroi» ЖШС-ның «Асфальт-бетон зауытын іске қосу» жобасы басталмақ.
Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау жұмысы қарқынды жүзеге асуда. Бұл да болса ауданның өнім өндірудегі ерекше мүм­кіндігін білдіреді.
Мәселен, жыл басынан ауданнан Ре­сей­ге, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Өзбек­станға бір­неше тонна күріш экспортқа шы­ғарылған. Біз­дің сапалы өнімге алыс-жақын шетелдердің де сұранысы жоғары деген сөз.
Егін шаруашылығы ауданның негізгі өні­мі және толағай табыс көзі. Жер-ананы ала жаздай мәпелеп егін еккен шаруа­лар­дың өз еңбегінің ризығын көріп, қамба дәнге толатын берекелі маусым да күз айы.
Осы бағытта ауданда 21 600 га кү­ріш, 507 га жаздық бидай, 3 715 га жаңа жоңышқа, 500 га картоп, 1 000 га көкө­ніс, 1 200 га бақша дақылдары, 1 757 га мақ­­­сары, 6 452 га ескі жоңышқа егілген болатын. Бүгінгі күні бұл дақылдар толы­­­­ғымен жиналып, халықтың қажетін өтеу­де.
Елдің әлеуетін көтеруге тың серпін беретін мал шаруашылығы екені белгілі. Соңғы жылдары бұл салаға да жан бітті. Ауданда осы кәсіпті 101 шаруашылық қолға алса, оның ішінде 88-і «Сыбаға» бағдарламасымен айналысуда. Биылғы жылы 265 бас импорттық мүйізді ірі қара мен 5000 бас қой сатып алу жоспарланып отыр. Мұның бәрі мемлекеттік бағдарла­маның игілігімен елдегі тұрмысты түзеуге оңтайлы бетбұрыс саналады.
Дәулеті тасыған елдің сәулеті келіссе, ол – өркендегенінің белгісі. Ал өркендеу бар жерде өрлеу болады. Аядай аудандағы қарқынды құрылыс осы сөзімізді растайды. Бүгінде құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 111 млн теңгеге орындалып отыр. Аламесек және Мәдениет ауылдарында мал қорымы, кенттегі қайта жаңғырған балабақша ғимараты, 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мек­тебі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар «Дәуімбай» учаске­сін­де салынатын бір пәтерлі 3 бөл­мелі 10 тұрғын үй құрылысын салу­ға облыс­тық және жергілікті бюд­жет­тен қомақты қаржы бөлінді. Оның құры­лысы осы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады деп күтілуде. Кенттегі 100 төсектік орталық аурухана жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ «Дене шынықтыру-сауық­тыру кешені» ғимараты құрылысына жоба сметалық құжат әзірленіп, сараптамадан өткізілуде. Биыл жеке инвестиция есебінен Жалағаш кентінен жабық бас­сейн құрылысы басталды. Сауықтыру орын­­дарының, денсаулыққа пайдалы ны­сан­­ның бой көтеріп жатқаны көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.



19 қазан 2020 ж. 316 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930