» » Қызылорданың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылорданың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылорда облысында ауыз су және көгілдір отынмен қамту, жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

«Бүгінде облыс халқының 97%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және халықтың 63%-ы табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие. Маусым айында Арал ауданының Жақсықылыш кентіне газ орнаттық. Келесі жылы газдандырылмаған жалпы саны 50 мың халық тұратын 5 елді-мекенге, оның ішінде 3 аудан орталығына көгілдір отын беруді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде, жыл соңына дейін облыс халқының 70%-ы табиғи газға қол жеткізе алады. Сондай-ақ, су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңартуға жалпы құны 4,2 млрд.теңге болатын 28 жобаны іске асыру жұмысы жүргізілуде, бұл 101 мыңдай тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз ететін болады», – деп атап өтті Г.Әбдіқалықова.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл Қызылорда қаласында 15 шақырым жылу трассасын жаңарту жұмыстары жүргізілді, бұл жылу желілерінің тозуын 42%-дан 39%-ға дейін төмендетті.
Сондай-ақ, облыста 498 шақырымнан астам көлікжол, көшелер мен көпір өткелдері жөнделген.

«Әлеуметтік салада 30 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді (16,6 млрд.теңге), оның 7-і аяқталды, тағы 16-сын жыл соңына дейін бітіреміз. Денсаулық сақтау саласында аудандық орталық ауруханалар салу мәселесін түбегейлі шештік. 2024 жылға дейін 62 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын жаңартуды жоспарлап отырмыз, осылайша, бұл мәселені толығымен шешеміз», – деді облыс әкімі.

kyzylorda-news.kz

23 қараша 2020 ж. 283 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930