Сабақтастықтың сара жолы
Кейінгі жылдары әлемде болып жатқан оқиғалар аса жылдам, күрт өзгерістермен, сонымен бірге қарама-қайшылықтармен сипатталады. Жылдамдықтың екпіні күшті болғаны соншалық, тіпті осыдан бірнеше жыл бұрын үйреншікті қағидалар бүгінге өлшем бола алмай қалды. Айталық, әлемде 2015 жылы басталған дағдарыс әлі де жалғасуда. Ол қазір әлемді жайлаған пандемия дертіне ұласты.
Иә, ХХІ ғасырда орын алған қарама-қайшылықтарға толы саяси оқиғалар бүгінге дейін тұтас ұрпақтың санасында қалыптасып, сіңісті болып кеткен ұғымдарға өзгеріс енгізе бастады. Ал біз осы өзгерістерді қабылдауға дайынбыз ба? Тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылы қарсаңында біз қаншалықты өзгердік? Қандай қоғам құра алдық? Оның басты құндылығы неде? Тұңғыш Президент әрдайым осы сауалдарға тұшымды, байсалды жауап бере отырып, әлемдік жаһандану үдерісінің тым жылдам дамып келе жатқанын, ал ол біздің ойлау жүйеміз қабылдай қоймайтын талаптарды алға шығарғанын айрықша атап көрсетеді. Атап көрсетіп қоймай, барлығымызды немкеттіліктен, бойкүйездіктен, масылдықтан, шалағайлықтан, үстірт іс-қимылдан сақтандырады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасындағы жыл сайынғы өнеркәсіп өнімінің өндірісі нақты көріністе 30 процентке артты. Соңғы 20 жылда Қазақстандағы демографиялық ахуал түбегейлі өзгерді. 1992 жылы басталған халық санының төмендеу үрдісі 2002 жылы аяқталды.
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында халық саны 1,6 миллион адамға төмендеді, бұл ең бірінші халықтың кейбір бөлігінің өздерінің тарихи отандарына оралуына, өтпелі кезеңдегі қиындықтарға байланысты болды. 2002 жылдан бастап халық саны өсімнің тұрақты үрдісіне ие болды, ең бірінші табиғи өсім есебінен, 2004 жылдан бастап көші-қон өсіміне байланысты қалыптасты. Қорыта келгенде, еліміздің халық саны қазір жалпы 19 млн-ға жуықтады.
Біз әркез Елбасының мемлекет дамуының әртүрлі дәуірінде айтқан сөздеріне уақыт өте келе қайта оралып, оны бүгінгі күннің жағдайымен салыстырып, жаңа кезең тұрғысынан бағамдап келеміз. Осы арқылы Мемлекет басшысының белгілі бір кезеңде әрбір қазақстандыққа арналған сөзінің кейін уақыт өте келе өмір шындығына айналғанына көз жеткіземіз. Осы орайда Елбасының сонау бір тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында «Қазақстан – әлеуметтік бағдарланған мемлекет» деген тұжырымды алғаш рет көпшілік назарына салғаны әлі жадымыздан шыға қойған жоқ. Мәселен, теория жүзінде Скандинавия елдері тұрмыстың әлеуметтік бағдарына бейімделген мемлекет ретінде аталғанымен, олардың табиғаты бұрынғы біздің ұғымымыздағы теңгермешілікке негізделген қоғамның қатарына жатпайды. Қысқасы, рынок дейтін қоғамдық қатынастар дәуірінде бұрынғы келмеске кеткен теңгермешілік үрдісті қайта әкелудің қисыны және келіңкіремейді. Осыған қарамастан Қазақстан Президентінің мұндай батыл ой-тұжырымдарға баруының себебі неде?
Біз кейін ілгері басқан қадамымызға тұсау болған, талай келеңсіздіктерді тудырған бірнеше әлемдік дағдарыс сәттерінде «әлеуметтік бағдарланған мемлекет» деген түсінікті ұмыта қоймағанымызбен, ол туралы ойымыз көмескі тарта бастады. Уақыт өте келе қиыншылықтар артта қалды. Ел еңсесін көтерді. Әлеуметтік бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуына, несін жасырамыз, шикізат рыногындағы қолайлы ахуалдың оңды әсері болғаны да шындық. Алайда Қазақстан бюджетінде қалыптасқан оңтайлы жағдайға бір ғана мұнай бағасының көтерілуі емес, сонымен қатар елдегі тұрақтылықтың, осының әсерінен шетелдерден тартылған инвестициялардың ықпалы болғанын, ал осы игілікті шаралардың басы-қасында Елбасының тікелей өзі жүргенін тағы да айтуымыз керек. Қазақстан сөйтіп, қиын асуларды игерді, күрделі кезеңдерден өтті. Еліміз үшін қолайлы кезең туды. Міне, осы сәтте Елбасы әлеуметтік бағдарланған мемлекет туралы тағы да батыл ой қозғады. Әрбір қазақстандықтың болашағы туралы жаңа уақыт туғызған тұжырымдамалық ойды біздің әрқайсымыздың санамызға қайта сіңіре бастады. Кешегі пандемия кезінде Тұңғыш Президент тұжырымы өмірде өзінің дәйектілігін дәлелдеп берді.
Алайда, Тұңғыш Президенттің әрдайым өзі атап көрсеткен, саясатта, экономикада әлеуметтік бағдар ұстану масылдық пиғылмен ұштаспауы тиіс деген пікірін бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылыққа алуы елдегі билік сабақтастығының жарқын үлгісі болып табылады. «Мемлекеттің стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске бағытымен құрылады. Бұл масылдыққа жол жоқ дегенді білдіреді. Тек осындай жағдайда ғана Қазақстан қоғамы патернализм инерциясын жеңе алады» деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. «Патернализм» (латын) – үлкеннің кішіні, яғни ағаның ініні, халықаралық жағдайда үлкен мемлекеттердің әлсіз мемлекеттерді қамқорлыққа алу ұғымын білдіреді. Ал, шындығында, кейде саясатта мұндай қамқорлықтың астарында небір қитұрқы, жымысқы әрекеттердің жататынын да жасыруға болмайды. Қамқорсу арқылы сол мемлекеттердің ішкі ісіне араласу, одан әрісі тәуелсіздігіне қол сұғудың ауылы да алыс емес екенін әрдайым есімізде ұстауымыз қажет. Егер біз Елбасының астарлы сөзіне терең үңілсек, осы ойды аңғарар едік. Бүгінгідей жаппай жанкешті бәсекеге ұласқан жаһандану дәуірінде сыртқы әлемнен оқшауланбай, сонымен бірге саналы еңбек арқылы тәуелсіздігімізді нығайту әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады. Президент астарлы оймен бізге осыны түсіндіреді. Жаңаша ойлау жүйесімен өмір сүруіміздің қажеттілігін алға тартады.
Экономиканың әлеуметтік бағдарының іргетасын Президент нақты істермен қалап келеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін елімізде елді мекендерге сапалы ауызсу жеткізу, электр қондырғыларын, байланыс, жол инфрақұрылымын жаңарту, тіпті әркімнің жеке меншігіндегі көпқабатты үйлерді қайта жаңғырту бағдарламаларының өзі мемлекеттік қолдаудың, жай қолдау емес, бюджеттік субсидиялау арқылы қолдаудың керемет, сирек кездесетін үлгісі деп қарауға болады. Осының барлығы Қазақстанды әлеуметтік бағдарланған мемлекет деп атауға толық негіз қалайды.
Экономика заңдылығы да жалпы жаратылыс заңы секілді егер өз орнына дұрыс пайдаланбаса, ол да мейірімсіздік танытады. Сол сияқты біз де экономика заңдылығына бағынбай, өз санамызда субсидиялауға сүйенген өмір сүру дағдысын қалыптастырып, бұл келеңсіздікті бойымызға сіңіріп алсақ, одан өткен қауіпті ештеңе болмайды. Елбасы әрдайым осыдан сақтандырады, Қазақстан жағдайында біздің әрқайсымыздың төл міндетімізді айқындап береді. Қазір барлығымыз субсидиялаудың барлығы мұнай бағасының тым көтеріңкі кезінде болғанын және ондай оңтайлы құбылыстың әрдайым қайталана бермейтінін ескергеніміз абзал.
Нұрсұлтан Әбішұлы эволюциялық қағидатқа қатысты: «Ешқандай да алға озу» болмауы тиіс. Әлеуметтік саладағы барлық өзгерістер даму деңгейімен, Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне сәйкесуі тиіс», деп атап көрсеткенін жоғарыда айтылғандармен сабақтастыруға болады. Оның нақты мысалын бүгінгі еуроаймақ елдерінде болып жатқан дағдарыс, дефолт жағдайларымен байланыстырамыз. Нақты табысқа сәйкес өмір сүре алмай ұдайы сән-салтанатқа, үлде мен бүлдеге оранып жүру экономикада қарама-қайшылықтар тудырады, дағдарысқа, оның соңы қарызға әкеліп соқтырады. Қазақша айтқанда, табысыңды ескермей, алдын ала қарызға бату неге әкеліп соқтыратынын әркім біледі ғой деп ойлаймын. Айтпақшы, Елбасы бұл тұрғыда сонау 2007 жылы да еске салған болатын. Ұмытпасам, ол экономиканың өсімі мен инфляция өсімін үйлестіру қажеттігін ескертті. Егер экономика өсімі үздіксіз үдей түссе, оның соңы инфляцияның шарықтауына ықпал жасайды. Қазақстанда 2007 жылы тұрғын үй құрылысы жаппай салына бастағанда құрылыс материалдарының бағасы есепсіз көтерілгені жұртшылықтың есінде болар. Ол кезде әлемдегі мұнай бағасының күрт көтерілуі бюджетте артық ақшаның болуына ықпал жасады. Ал екінші дәрежелі банктер шетелден келген арзан несиені сұраусыз қардай боратты. Ақыр соңында дағдарыс орын алып, күллі банк жүйесі қиындыққа ұрынды. Осы орайда Елбасының әлеуметтік қолдаудың мемлекеттің өмір сүру деңгейіне орай жасалатынын ескертуі әлемдегі бүгінгі өмір шындығынан туып отырған жағдайға байланысты айтылған тұжырым болып саналады.
Қазақстан 2020 жылды несін жасырамыз, күрделі жағдайда қорытындыламақшы. Мемлекет қаржы ресурсын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жобаларға жұмсады. Тіпті, Ұлттық қордан да бұл бағытта қаржы бөлінуде. Бұл, сайып келгенде, Елбасының кезінде Ұлттық қор құру идеясының салиқалы шешім болғанының айқын көрінісі. Соңғы күндері қалыптасқан мұнай бағасы Қазақстан үшін қолайлы болып тұр.
Сөзіміздің басында айтқандай, қазір әлемдегі жағдай әлі күрделі сипатын сақтап отыр. Жуырда Қазақстанның 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасы қабылданды. Үш жылдың бюджетіне Ұлттық қордан қаржы бөлінетін болып белгіленді. Бұл – Тұңғыш Президенттің дәйекті саясатының жемісі. Биліктегі сабақтастық жоғарыда атап өткендей Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың прагматикалық саясатымен жалғасын табуда. «Nur Otan» партиясының сайлауалды кездесуінде осы сабақтастықтың дәйекті жалғасы ретінде алға қойылған міндеттер бағыттары айқындалды. Бұл мемлекетіміздің келешегі кемел екенін айқындай түседі.
Жолдасбек Ақсақалов,
«Сыр бойы»