Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалуы мемлекет дамуы үшін маңызды
Тәуелсіздік алғалы өзін дамушы елдер қатарынан көргісі келген Қазақстан да бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын бір ізге түсірді десек, артық айтқандық болмас. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің отандастарына жолдаған Жолдауларында бұл қоғам індетімен күресуді еліміздің негізгі міндеті екенін ашық айтты.
Елбасы бастаған сара жолды жалғай білген Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекет қазынасын еселеуде елімізде әлі де түрлі шаралардың жүзеге асатынын саяси құжатта баяндады. Экономикаға басымдық берілген Жолдауда елімізде әлі де іскер азаматтарды қолдау арқылы қазынаны еселеудің негізгі құралына айналған кәсіпкерлік саласын қолдау әлі де қарқын алатыны айтылды. Көп ұзамай Жолдауда басымдық берілген салалар өз деңгейінде жетіле түсті. Мәселен, Қазақстан Президенті ерекше тоқталған кәсіпкерлік саласын қолдаудың қай деңгейде екенін өз басым бір ғана жалағаш ауданынан анық байқаймын. Қазір бұл өңірде кәсіпкер азаматтарды қолдау шаралары былай тұрсын, жұмыссыз азаматтардың өзін кәсіпке бейімдеу қарқын алды. Яғни жарқын жобаны жүзеге асыру арқылы табысты еселеуді мақсат еткен жандарды мемлекет бүгінде қайтарымсыз қаржымен қамтамасыз етіп отыр. Бұл – кәсіпке ден қойған жандар үшін таптырмас мүмкіндік.
Қазақстан Президенті саяси құжатта әлемде қалыптасқан ахуалға қарамастан биылғы егін науқаны уақытылы басталып, уақытылы аяқталу қажет екенін ескерткен еді. Бұл тұрғыда аталған сала да мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудан құр қалмайтынын жеткізген Президентіміз жергілікті шаруагерлер де мемлекет назарында екенін ашық айтты. Бұл ауыл шаруашылығы саласына көрсетілген қолдаудың нәтижесін өзіміз бір ғана Жалағаш ауданына қарап айқын сезінеміз.
Жалпы Мемлекет басшысының жолдауларында алдағы күнге жасалған жоспарлар уақытылы орындалып, өз нәтижесін беріп жатыр. Мұның бәрі ел қазынасының еселенуіне тікелей әсер етуде.
Өмірбек ЖАҚСЫЛЫҚ,