» » ПАРТИЯНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТІ АЙҚЫН

ПАРТИЯНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТІ АЙҚЫН

Партияның қоғамда атқарар қызметі ауқымды екенін білмейтін қазақ жоқ та шығар. Идеологияны дамытуда да оның қызметі маңызды. Себебі қоғам тыныштығын сақтай отырып, әлеуметтің әлеуетін арттыруда оның мүшелері өзіне қандай үлкен міндет жүктейтінін біз жақсы білеміз. Бұл тұста еліміздегі бас партия саналатын “Nur Otan” партиясы да уақыт өте өзінің қызмет ауқымын кеңейтіп, түрлі шараларды жүзеге асыруда белсенді жұмыс жасап келеді.

Ең алғаш партияның аудандық филиалы Жалағашта құрылғанда оған белгілі қаламгер Тұрсынбай Тәшенов төрағалық етті. Кейін тізгін бізге бұйырып, алдыңғы буын ағалардың ізімен партия жұмысын жандандыруға, оның қоғамдағы өзіндік рөлін танытуда шама-шарқымызша еңбек еттік.
Ол кезде партияның аты “Отан” еді. Бізге негізгі артылған міндет әрбір мекемеде, ұжымда партияның бастауыш ұйымдарын құру, әр саладағы белсенді азаматтармен партия мүшелері қатарын арттыру болатын. Бұл бағытта да жемісті еңбек еттік.
Ол кездегі партияның жағдайы мен бүгінгі ахуалына салыстырмалы түрде баға беремін десеңіз арасы жер мен көктей еді. Мәселен, ол кезде ғимарат мәселесі расында толғандырған болатын. Мен өзім жұмыс жасайтын аудандық редакцияда отырып, қос жұмысты қатар алып жүргенмін. Ал қазір бас партияның өз алдына зәулім ғимараты бар, оның мүшелері де бұрынғыға қарағанда әлдеқайда артқан. Міне, осыдан-ақ халық сенімін ақтауды басты міндет еткен бұл партияның бағыты айқын, болашағы жарқын екеніне көз жеткізуге болады.
Жер-жерлерде партияның бастауыш ұйымдарын құру да бұл күнде бір ізге түскен. Тіпті әрбір бастауыш партия ұйымдарының қоғамдағы өзіндік рөлі барын атқарған жұмыстарынан-ақ байқауға болады.
Өзім жұмыс жасаған жылдары партияның елордадағы және Алматы қаласында екі сезъіне қатыстым. Онда да маңызды міндеттер жүктеліп, алдымызға қойған мақсатымыз айқындалды. Міне, сол жылдардан бастау алған табанды еңбек бүгінде дәстүр сабақтастығын үзбей келеді. Алдыңғы буынның атқарған жұмысын одан әрі жандандырған бүгінгі әріптестерімнің еңбегін өз басым жоғары бағалаймын. Жиырма екі жылдық тарихы бар партияның әрбір жылнамасына көз жүгіртсеңіз тек өрлеуді, ұмтылысты байқайсыз.

Кенжеғара СҮЛЕЙМЕНОВ,
партия ардагері


02 наурыз 2021 ж. 475 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930