Ортақ мақсат ортақ мүддеге ұйыстырды
Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында бірқатар партия мүшелеріне алғыс хаттар мен партиялық билеттер табысталды. Салтанатты шарада партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева қатысушыларды құттықтап, мерекенің маңыздылығына тоқталды.
Ширек ғасырдан астам тарихы бар бұл тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Ендігі міндет – қонған бақтың қадірін білу. Сондықтан, әрбір қазақ елді алға жетелейтін игі істердің жанынан табылуды өз-өзіне парыз деп санауы қажет. Сонда ғана мемлекет қанатын кеңге жаяды, еліміз көркейіп гүлденеді. Тағылымды шарада әрбір адамның мәдениеттілігі мен өз-өзін кез келген ортада қалай ұстау қажеттігі де айтылды. Сондай-ақ, ата-анадан алған тәлімге кір келтірмеу, олардың өсиетін кейінгі буын бойында жаңғырту жайы да тақырыптан тыс қалған жоқ. Елдің ынтымақ-бірлігін сақтау ортақ міндет екені айтылды. Бір сөзбен айтқанда, тағылымды жиынға қатысушылар үлкен ой түйіп, ортақ мақсат ортақ мүддеге ұйыстыратынын ұғынды.
Шара барысында партияның жасампаз идеялары мен саясатын қолдап, «Нұр Отан» партиясының мақсат-міндеттерін жүзеге асырудағы белсенділігі үшін бірқатар партия мүшесіне партия филиалының алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер берілді.
Е.СОЗАҚБАЕВ.
Пікір 1 435