Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады. Осыдан 27 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы, мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі екенін атап өтті.
Шара барысында партияның жасампаз идеялары мен саясатын қолдап, «Нұр Отан» партиясының мақсат міндеттерін жүзеге асырудағы белсенділік танытқан бірқатар партия мүшелеріне партия филиалының АЛҒЫС хаттарымен марапаттап, жаңадан партия мүшелігіне қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табыстады.
Жаңадан қабылданған партия мүшелері Елбасы партиясының өкілі болудың зор құрмет қана емес, сондай-ақ зор жауапкершілік екенін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
Жиын соңында аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Д.Ахметов мерекелік ән шашуын тарту етті.