» » Биыл Жалағаш кенті газға қосылады

Биыл Жалағаш кенті газға қосылады

Жалағаш кентін газдандырудың жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды.

2019 жылы жоспарға сәйкес 1,2 млрд, 2020 жылы 0,8 млрд теңгесі бөлініп, жұмыстар атқарылды. Биыл қалған 1,5 млрд теңге қаржысы бөлініп, кент көгілдір отынға қосылады, – деді Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов брифингте.

«Биылғы жылы кент тұрғындары газ желісін өз үйлеріне кіргізуге, жылу жүйесіне қосуға жұмыс жасайды. Айта кету керек бұл жұмыстарды тұрғындар жеке қаражаты есебінен жүргізетін болады. Ал, жергілікті бюджеттің есебінен аудан орталығында орналасқан әлеуметтік нысандарды табиғи газ отынына қосу жұмыстары атқарылатын болады», – деді Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов.

Өткен жылы кенттегі №202 орта мектеп ғимаратын жылу жүйесін орталықтандырылған газ желісіне қосу жұмыстары толық аяқталды. Жоба құны 11,6 млн теңге.
Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 6,5 млн теңге бөлініп, 5 әлеуметтік нысандарға газ желісін тарту үшін жобалық – сметалық құжаттары дайындалған.

kyzylorda-news.kz
31 наурыз 2021 ж. 724 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930