» » ЖАЛАҒАШТА ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН ӨНЕР МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ЖАЛАҒАШТА ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН ӨНЕР МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Биыл Жалағаш кентінде 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Айта кетейік, өткен жылы М.Шәменов ауылында апаттық жағдайдағы орта мектеп жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Аққыр және Мақпалкөл ауылдарындағы орта мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

– Биыл Таң ауылындағы орта мектеп ғимаратына 333 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Ал Аламесек ауылындағы мектепті жөндеуге жоба-сметалық құжат әзірлеп, қаржыландыруға ұсыныдық. Жалағаш кентіндегі 300 орындық №123 мектеп-лицейдегі оқушылар саны 700-ден асуына байланысты қосымша 200 оқушыға арналған ғимарат салу үшін 11,2 млн. теңгеге жоба-сметалық құжаттары дайындалуда, – деді аудан әкімі Асылбек Шаменов.

Айта кетейік, аудан мектептерінің 75 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталған.
31 наурыз 2021 ж. 965 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031