ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ
Құрылысшылар күні мерекесі қарсаңында бүгін аудан әкімі Асылбек Шаменов сала ардагерлерін және құрылыс саласында еңбек ететін бірқатар сала мамандарын атаулы мерекемен құттықтап, марапаттады.
Құрылысшылар қауымының қай қоғамда да алатын орны, атқаратын қызметінің ерекше екендігіне тоқталған аудан әкімі Асылбек Шаменов:
- Ауданымызда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары көбеюде. Ауданның, ауылдың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшін үлкен мәртебе. Сіздер сол талапқа сай өңір аумағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы және мерзімінде іске қосуға атсалысып келесіздер. Заманауи мектептердің бой түзеуі, медициналық нысандардың салынуы, жылдар бойы армандап келген тегіс жолдардың, таза ауыз судың ауылдарға дейін жетуі - құрылысшылардың, яғни Сіздердің күн – түн демей атқарған еңбектеріңізбен келген игі істер - деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.
2020 жылдың 1 шілдесіне Жалағаш ауданы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 3309,7 млн теңгеге орындалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1146,0 пайызды құрады. Есепті кезеңде 4725 шаршы метрді құрайтын 41 тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады.
Ауданда республикалық бюджеттің есебінен 7 құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Жалағаш ауданы орталығында аудандық 100 төсектік жаңа аурухана құрылысы, «Тереңөзек-АГТС-тен Жалағаш-БГРП-ге дейін 1,2 МПа жоғары қысымды бұрма-газ құбырын және Жалағаш кентінің орамішілік газбен жабдықтау желілерін салу» жұмыс жобасы, Жалағаш ауданына қарасты Далдабай және Жаңақоныс елді мекендерінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары, емхана ғимаратын балабақша етіп реконструкциялау, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы негізінде Жалағаш кентінен 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі, Жалағаш кентінде бір пәтерлі 3 бөлмелі 10 тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар облыстық бюджеттен де 3 құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның 2-еуінің жұмыстары толық аяқталды. Атап айтар болсақ, М.Шәменов ауылындағы №34 орта мектеп ғимараты, Жалағаш кентінде жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысы.
«Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында ауданға барлығы 18 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 2 млрд-қа жуық қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Шара барысында бірқатар сала ардагерлері және қызметкерлер облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.