» » Боксшы 70 секундта 210 мың доллар тапты

Боксшы 70 секундта 210 мың доллар тапты

Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өткен бокс шоуында қызылордалық боксшы Тұрсынбай Құлахмет кәсіби деңгейдегі үшінші жекпе-жегін өткізді.

Алғашқыда 10 раундқа есептелген осы кездесуде жерлесіміз қарсыласы венесуэлалық Эбер Рондонда небәрі 70 секундта нокаутқа жіберді. Осылайша жерлесіміз WBC International бойынша бірінші орта салмақта чемпион белдігін қорғап қалды. Азияның 2019 жылғы чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахметтің Дубайдағы бокс кешіндегі нокаутын шетелдік баспасөздерде жыл нокауты деп атауда.

Қазақстандық сарапшы Айдар Махметов айтуынша, Тұрсынбай Құлахметтің венесуэлалық Эбер Рондонмен өткізген жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғанын айтты. «Боксшы Тұрсынбай Құлахмет кәсіби шаршы алаңдағы үшінші жекпе-жегі үшін 210 000 доллар алды. 70 секундқа жақсы табыс!», – деп жазды Махметов өзінің MakhmetovSport телеграм-каналында.
05 сәуір 2021 ж. 208 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930