» » Жалағашта полиция бөлімінің басшысы ауысты

Жалағашта полиция бөлімінің басшысы ауысты



Бүгін аудан әкімдігіндегі актив отырысында осыған дейін аудандық полиция бөлімініне басшылық еткен Нұрлан Ағаділовты жалағаштықтар құрметпен шығарып салып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Жиында өңір басшысы Асылбек Шаменов ішкі істер саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар Нұрлан Амантұрұлының аудандағы тәртіпті сақтауда табанды еңбек еткенін тілге тиек етіп, алдағы қызметінде де осындай жауапкершілікпен жұмыс жасайтынына сенім білдірді.



Өз кезегінде Нұрлан Амантұрұлы да Жалағашта шама-шарқынша әріптестерімен жұмыла жұмыс жасағанын атап өтіп, қайда жүрсе де Жалағашты өзінің туған жеріндеу көретінін жасырмады.

Айта кетейік, бұған дейін де бірнеше өңірде басшылық қызметті абыроймен атқарған Нұрлан Амантұрұлы жалағаштықтардың есінде несімен қалды? Әлбетте ол келген тұста өңірде мал ұрлығы белең алып, барымташылар бет қаратпай тұрған болатын. Осы тұста оның мал ұрлығын ауыздықтаудағы нәтижелі жұмысын жалағаштықтар жақсы біледі. Оның үстіне ауданда соңғы жылдары орын алған қылмыстар саны төмендеп, керісінше ашылған қылмыстар санында өсім қалыптасты. Осындай нәтижелі еңбек еткен ішкі істер саласының қырағысы мұнан былай бас шаһардың тәртібіне бірінші жауапты болып отыр. Яғни Нұрлан Ағаділов мұнан былай Қызылорда қалалық полиция басқармасына басшылық етеді.

“ЖЖ” ақпарат
15 сәуір 2021 ж. 1 406 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930