Сырдария өзенінің ескі арнасы бекітілді
Өткен жылдың қараша айында «Әйтек» су торабының төменгі бъефіне күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Күрделі жұмыстардың жүруіне орай «Әйтек» су торабы арқылы су жіберілген жоқ. Ал Сырдария өзеніне мол судың келуіне байланысты «Қараөзек» арнасымен және «Жамандария» учаскесіндегі Сырдария өзенінің ескі арнасымен су жіберілген еді.
Биыл егін егу науқанының басталып, «Әйтек», «Елтай», «Соркөл» каналдарына су алу мақсатында ескі арнамен жіберілген суды бекіту қажеттілігі туындады. Осыған байланысты бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы «Жамандария» учаскесіндегі Сырдария өзенінің ескі арнасын бекіту жұмыстарын толық аяқтады. Осы жұмыстардың барысымен аудан әкімі Талғат Дүйсебаев танысты.
Ескі арнаны бекітуге қатысты атқарылған жұмыстарды учаске бастығы Шаттық Тобашов айтып өтті. Мамандардың тынымсыз еңбегінің арқасында ескі арна бекітілген. Аталған жұмысқа 5 бульдозер, 4 эксковатор, 3 жүк тиегіш техника (погрузчик) және 8 дана 40 тонналық жүк көлігі тартылды.
Аудан басшысы егін егу науқанында аудандық ауыл шаруашылығы құрылымдарына су қажеттілігін атап, бекіту жұмыстарын сапалы жүргізген «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы мамандарының қажырлы еңбегіне ризашылығын білдірді.