Партияның аудандық филиалының кезекті XXVIII конференциясына делегаттар сайланды
Ағымдағы жылдың 20 сәуір күні «Nur Otan» партиясының Жалағаш аудандық филиалы «Дарын» бастауыш партия ұйымында онлайн жиналыс өткізілді. Жиналысты бастауыш партия ұйымының төрағасы Жүргенова Жазира, жүргізіп отырды. Онлайн жиналыс барысында бастауыш партия ұйымында 2019-2020 жылдар аралығында партиялық жобалар бойынша және пандемия, Праймериз-2020 барысындағы атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып өтіп, алдағы жұмыстарымен бөлісті. Күн тәртібіне қойылған мәселелер толығымен қаралды.
Партияның аудандық филиалының кезекті XXVIII конференциясына делегаттар сайланды. Саяси кеңес мүшесі Т.Садықов қатысып өз ойын білдірді.