Талаптар орындалса, тығырықтан шығамыз
Былтыр көктем айларында өршіген індеттің биыл да дәл осы уақытта күшейгенінің себебін мен былай түсініп отырмын. Негізі коронавирус иммунитеті төмен адамдарды құрығына түсіреді. Негізі аурудың қай түрі болсын төтеп беретін иммунитет болмаған кезде ғана басталатыны белгілі. Қыстың суығынан титықтап, көктемге әрең ілінгенде денсаулықтың ең әлсірейтін мезгілінде күшейгені осыдан-ақ түсінікті.
Медицина мамандарының айтуынша, көктем, күз мезгілдерінде адам ағзасының қорғаныш қабілеті төмендейді. Әсіресе күз, қыс айлары маусымдық тұмау мен басқа да вирустық инфекциялардың таралатын кезеңі болғандықтан, осы ауруларға төтеп беретін иммунитет қалыптасады да, онымен күресіп көктемгершілік ағзада әлсіздік пайда болады.
Міне, осы мезгіл өте қауіпті. Алдын алмасақ, жай күндері аса мән бермейтін маусымдық тұмаудың өзі аты жаман індетке ұласып, жұқпалы ауруды өршітіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл орайда бізге дәл қазір сақтық аса маңызды.

Халықты індеттен қорғау тек дәрігерлердің ғана міндеті емес, оған қоғамның әрбір мүшесі жауапты. Мемлекет те халықтың қауіпсіздігі, амандығы үшін тиісті шаралар жасап, оларды күн сайын бақылап, сараптап, тіпті карантиндік талаптарды күшейтті. Ақ халатты абзал жандар өз денсаулықтарынан бұрын қазақстандықтардың саулығы үшін күресуде. Ендігі жерде бізге төніп тұрған қауіптің күшейгенін естен шығармау керек.
Ресми мәліметтерді қарап отырсақ, кешегі тәулікте Қазақстан бойынша үш мыңға жуық адамда коронавирус инфекциясы анықталыпты. Ең өкініштісі, бұл статистика жағынан көш бастап тұрған өңірлердің қатарында біздің аймақ та бар. «Қызыл аймаққа» енген облысымызда тәртіп те, талап та күшейді. Санитарлық эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауға алынды.
Бірлік болмаған жерде тірлік болмайтынын білеміз. Ең маңыздысы – ел басына күн туғанда шашырамай, жұдырықтай жұмылу, бір қолдың саласындай бірігу. Ертеңіміздің, отбасымыздың, балаларымыздың амандығы үшін төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтап, денсаулығымызға аса мән беріп, аурудың барынша алдын алуға тиіспіз. Өйткені әрбір отбасы – шағын мемлекет.
Қабыланбек Нұрмағанбетов,
Бұқарбай батыр ауылдық
ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бұқарбай батыр ауылдық
ардагерлер кеңесінің төрағасы