» » Қызылорда: Жоғалған балаға қатысты жалған ақпарат таратқан әйел анықталуда

Қызылорда: Жоғалған балаға қатысты жалған ақпарат таратқан әйел анықталуда

Қызылорда облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдейді.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жоғалған бала туралы халықты дүрліктіретін аудиожазба таралуда. Қызылорда облысының Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа сай келмейтін жалған ақпарат екендігін хабарлады.

Қазіргі таңда жалған ақпарат таратқан азаматшаны анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте әлеуметтік желілер немесе БАҚ арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274 – бабына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат тарату үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
30 сәуір 2021 ж. 262 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930