Қызылордада соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді
ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қызылорда қаласының құрметті тұрғындары Абдрахман Байтіков және Төлеген Жунісовты Жеңіс күнімен құттықтап, азық-түлік себеттерін сыйға тартты.
Осы орайда шекарашылардан құралған оркестр қарт майдангерлерге арнап, аулаларында әскери шерумен өтіп, мерекелік көңіл сыйлады.
Төлеген Жүнісов 1942 жылы әскер қатарына алынып, жау күшін мың метр қашықтыққа дейін жоятын атыс қаруын меңгереді. Сөйтіп, Украина жерінде жойқын ұрыстар жүргізіп жатқан 682-ші атқыштар полкі құрамына қабылданады. Ол кезде жауынгер он тоғыз жаста болатын. Осылайша, жау шебін талқандауда біраз күшін салған Төлеген Жүнісов нағыз ерліктің үлгісін көрсетеді. Ол Украинаның Харьков, Прискуров қалаларын жаудан азат етуге күш салды.
Ал, 97 жасқа келген Абдрахман Байтіков Курск майданының қаһарманы. Жау күшіне қарсы тұрып, жеңісті жақындатты. Қарт майдангерлер кеуілін сұрай келген шекарашыларға батасын берді.