» » Гүлшара Әбдіқалықова жол салуда сапаға мән беруді тапсырды

Гүлшара Әбдіқалықова жол салуда сапаға мән беруді тапсырды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін тыңдады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспар туралы баяндады.

Қызылорда облысы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3397 км құрайды. Оның 1016 км республикалық, 557 км облыстық, 1824 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады.

2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 20 млрд теңге бөлініп ұзындығы 397 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізу жоспарланған.

Жалпы ағымдағы жылы республикалық бюджеттен «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту», «Ауыл ел – бесігі», «Кіші қалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламары аясында 10,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Облыстық бюджеттен сол жағалаудағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін бойлай орналасқан магистралды көше құрылысын аяқтауға, Жаңақорған ауданының Қожакент, Манап ауылдарының көшелерін, облыстық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеуге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы 5 апаттық жағдайдағы көпірге және Қазалы ауданындағы Қарлан учаскесінде Сырдария өзені арқылы көпір салуға жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемсараптамадан өткізілуде.

Жол жөндеу жұмыстарына қолданылатын материалдардың сапасын және төселген асфальт жабындысынан сынама алып зертханалық тексеруден өткізу қызметін көрсету мақсатында «Ұлттық жол активтері сапа орталығы» РМК-мен келісім- шарт жасалып, жалпы 94 көше – жолдардың сапасына тексеру жүргізілді. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 204 автобус маршруты ұйымдастырылған. Оның ішінде ауданаралық – 71 маршрут, кентішілік –101 маршрут, қалаішілік және қаламаңы – 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты жүруде.

Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 4 автовокзал және 8 автостанса халыққа қызмет көрсетуде.
Бүгінгі күні, Қызылорда қаласы бойынша 25 қалаішілік және 8 қала маңын маршруттары ұйымдастырылған. Күнделікті осы маршруттарда 300 -350 аралығында автокөліктер қызмет көрсетіп келеді. «Қызылорда» Автобус Парк» ЖШС-нің балансында 135 автобус бар.

Жиында әуе, темір жол қатынастары бойынша да атқарылған жұмыстар талқыланды.
Облыс әкімі жол-көлік инфрақұрылымына бөлінген қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауда ұстауды және жол салуда сапаға аса мән беруді тапсырды. Сондай-ақ, қалаішілік, ауданаралық маршруттарды тиісті деңгейде ұйымдастыру қажет екенін атап өтті.
19 мамыр 2021 ж. 889 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930